• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:59:41
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

25 Тамыз, 2019 Аймақтар

Еліне тұтқа болған - Батырбек датқа

Қазақ тарихында ізгілікті ісімен соңына өшпес із қалдырған тұлғалар аз емес. Соның бірі де бірегейі 1795-1885 жылдары өмір сүрген–Батыр датқа. Қазіргі Жамбыл облысының аумағында ғұмыр кешкен атпал азаматтың елдің азаттыққа қол жеткізу жолында сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Сондықтан да датқа кесенесі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының өңірлік балама нсұқасының тізіміне алынған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Туған жердің тарихында оның тәуелсіздік жолында жанқиярлығымен із қалдырған тұлға ескерткіші Жуалы ауданындағы Күреңбел, Қоңыртөбе ауылдарының маңында орналасқан.Кесене шағын төбенің үстіне соғылған. Оның алты қырлы қабырғасы күйдірілген кесектен өрілген. Қабырғаларының ұзындығы – 2,8, биіктігі 6 метр болады. Ал төбесі алты қырлы металл күмбезбен жабылған.

Батырбек датқа – Шінет батырдың немересі, атақты Рысбек батырдың үлкен ұлы. Халық жадында қоқандықтарға қарсы халықтың мүддесін қорғаған жауынгер әрі саясаткер ретінде сақталған.

Батырбек Рысбекұлы ел, ру арасында аса беделді тұлға ретінде қалыптасып, өңірдегі қоқан билігі үстемдік құрып тұрған шақта «датқа» деген шен иеленіп, ел басқару ісіне араласқан. Дәл осы тұста солтүстіктен киліккен орыстың әскери басшыларымен тіл табысып, бейбіт келісімдерге келіп, өзінің көрегендігімен дараланады.

Батырбек Рысбекұлы Оңтүстік өңірдегі Байзақ, Шоқай, Сапақ сынды беделді ел басқарған тұлғалармен замандас, істес болып, заман ағымын жақсы сезінген ру басыларының қатарында болды. Өз заманындағы саяси-әлеуметтік мәселелерге қызу араласып, халық тағдырына ара түскен қоғам қайраткері ретінде де ел аузында айтылып жүрген аңыз әңгімелердің желісіне арқау болған кейіпкерге айналған. Есімі сол заманның шындығын суреттеген аузы дуалы атақты ақындар жырынан да орын алып, сөз болуы тегін болмаса керек. Шөже, Сүйінбай, Майлықожа, Мәделіқожа жырларында суреттелген Батырбек датқа бейнесін танып-бағалауы соның мысалы. Орыс генералы Черняев: «Бұл кісілердің арасындағы Батырбек датқа – мен үшін өте құпия тұлға. Ислам дініне, салт дәстүріне өте берік. Орыстарды жат дінділер дейді. Басқа датқаларға қарағанда оңтүстік өңірде халық арасында атақ-абыройы өте зор, бұны өзге датқалар да ашық мойындайды», деп мінездеме берген.

Батырбек Рысбекұлының атқарған ісі ел-жұртына мақтаныш, ерлігі сүйініш, есімі ел азаматы ретінде халық санасында сақталған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір