• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:58:22
Алматы
+35°

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһар әрі Қазақ хандығының іргетасы қаланған өлке ретінде Жамбыл облысы аумағының Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Бірі шеті Алатаумен иықтасып енді бір қиыры Балқаш көліне сұғына еніп, бір шекарасы иен даладағы Мойынқұм болып жалғасқан облыстың аумағында айтулы тарихи оқиғалар орын алған. Соның бірі арабтар мен қытайлар арасында өрбіген Атлах шайқасы деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ жерінің әр нүктесінің тарихи оқиғалардың ордасына айналғаны айтылып, оларды ұрпақ санасында қайта жаңғыртудың маңыздылығына тоқталады. «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жетпейтін кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған», дейді Елбасы.

Қазақ тарихымен бірге дүние жүзі тарихында із қалдырған осындай оқиғаның бірі 751 жылы Талас өзені аңғарында болған Атлах шайқасы еді. Орта Азияның алтын қақпасы саналатын қазақ жерін иелену үшін болған бұл шайқас арабтар мен қытайлар арасында өрбіді. Ол тұста қазіргі қазақ жеріне билік жүргізіп тұрған Түргеш қағанатының саяси жүйесі тым әлсіз еді.

Дәл осы тұста Орта Азия даласына ислам дінінің де дендеп еніп келе жатқан уақыты еді. Арабтар Орта Азияға жорықтары барысында қытайлықтармен шиелініске тап болады. Осындай ірі шайқастардың бірі 751 жылы қазіргі Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аумағындағы Талас өзенінің аңғарында болған. Қытай әскері мен мұсылмандар арасында жойқын ұрыс болып мұсылмандар жеңіп шығады. Оқиға тарихта Атлах шайқасы деген атпен қалады. Бұл соғыс жайлы Әл Мағдиси өз еңбегінде: «Бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазады.

Жалпы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өзгеріске ұшыратты деуге болады. Себебі мұсылмандардың жеңісі түркі халықтарын қытайдың басқыншылық саясатынан, идеологиялық қысымдарынан арылуға және ислам өркениетінің дамуына жол ашты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір