• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:49:20
Алматы
+35°

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары тізіміне енген нысандардың бірі Көшек батыр кесенесі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл нысан Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылынан 7,6 шақырым жердегі биік төбенің үстінде орналасқан. Көшек батыр жерленген жерге кесене 1999 жылы салынған екен. Сегізбұрышты нысанның қабырғасы толығымен силикат кірпіштен өрілген. Кесененің жанына батырдың асқақ рухын айшықтайтын үш найза, қалқан, қылыш, жебелер салынған қорамсақтың біріктірілген композициясы қойылған. Аталған композицияның жобасын Салауат Дембай, Насыр Баекеев жасап шыққан.

Айта кету керек шамамен 1620 жылы туып 32 жасын жау қолынан қаза тапқан Көшек Қарасайұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған батырлардың бірі. Ол Есім мен Жәңгір ханның сенімді серіктеріне айналған. Туған жері Талас өзенінің бойы. Қазіргі Тараз қаласындағы Тектұрмас кесенесі биік шоқы Көшек батырдың жазғы жайлауы болған екен. Аталғна шоқыны жергілікті тұрғындар Көшек шоқысы деп атап кеткен.

Ерен ерлігімен көзге түскен батырға Есім ханның өзі хан атағын бергені аңыздарда айтылады. Ал оның даңқы Батыр қонтайшының басқыншылығына қарсы соғыста барынша асқақтады. Көшек батыр Тектұрмас қамалын нығайта отырып, көршілес қырғыздармен тізе біріктіреді. Жауға қарсы қолданылаған бұл амал өз нәтижесін беріп Батыр қоңтайшының қалың қолы ойсырай жеңіледі. 1643 жылы Андасай бойындағы Кеңгір деген жерде Жәңгір ханның Батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне ойсырата соққы берген шайқасында да Көшек батыр ерлігімен көзге түсті. Іле-шала Тектұрмас түбінде болған шайқаста Көшек батыр жоңғардың Қарадөң атты батырмен жекпе-жекке шығып оны да жер жастандырады. Көшек батыр жекпе-жекте адуынын басқан тағы бір жоңғар қоңтайшысы Оншан еді. Тіпті батырмен болға жекпе-жекте жеңіліс тапқан Оншаннан қазақтарға қарсы қайта қару көтермеуге серт етіп, еліне оралған деген аңыз да айтылады. Салқам Жәңгір дүниеден қайтқаннан кейінгі болған сұрапыл шайқастың бірінде Көшек батыр ерлікпен қаза табады.

Батырдың басына орнатылған кесене бүгінгі күні ауыл-аймақтың көркін келтіріп тұрған тарихи ескерткіш және алыс-жақыннан келетін қонақтар мен жергілікті тұрғындарды жиі келетін қасиетті орындарының бірі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір