• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:32:05
Алматы
+35°

Қазақ мемлекеттігінің бастауы болған Қазақ хандығының туы тігілген Мойынқұм ауданында Қозыбасы тауы ел тарихындағы маңызы жоғары қасиетті орындардың бірі саналады. Аталған нысан 2017 жыл«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Балқаш көлінен оңтүстікте, Хан тауынан солтүстік-батыста, Жамбыл тауынан шығыста жатқан кең алқаптың ортасындағы жота «Қозыбасы» деп аталады. Тұрымтай тұсымен, балапан басымен заманда Әбілқайыр ханнан іргесін жырға Керей мен Жәнібек сұлтан бастаған көшке құтты орын болған осы Шу аңғары мен Мойынқұм аймағы еді.

Жалпы, тарихи зерттеулерде бірнеше Қозыбасы атауы кездеседі. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығының құрылған жері Шу бойындағы Қозыбасы жері екендігі айтылады. Ш.Уәлихановтың еңбектерінде «Қозыбасы» деген екі жердің аты аталған. Оның біреуі Верныйдан (қазіргі Алматы қаласы) екі күндік жерде орналасқандығы көрсетіледі де, екіншісі белгісіз. Белгілі ғалым С.Жолдасбаев «Қозыбасы жайлауында Керей хан болған. Ал Шу деген жері қазіргі Шу теміржол бекетінің аймағында Үлкен Хан таудың шығыс жағында «Хан қорасы», «Хан сатысы», Хантауда «Үлкен хан тағы», «Кіші хан тағы» (немесе Бала хан тағы) деген тас хан тақтарының бар екендігі анықталды» деп жазады.

Мойынқұм жеріне Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне байланысты бірнеше аңыздар сақталған. Соның бірінде, Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап шыққан ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлап, өздерін «қазақ» деп атапты. Керей мен Жәнібек сұлтандар Шудың бойына шәһар салдырыпты, олардың жаз жайлауы Қозыбасы, Хан тауы мен Жамбыл тауларында, ал қыстауы Шудың бойы мен Мойынқұм екен. Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті. Керей хан дүниеден қайтқанына екі жыл толғанда оның ұрпақтары мен Жәнібек сұлтан Сырға қайта көшіпті. Бұл кезде Жәнібек аты Шу мен Сырға, Арқаға белгілі әрі батыр, әрі ақылды, ел құрметіне бөленген сұлтан екен делінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір