• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:06:44
Алматы
+35°

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Түркістан солай туған» деп аталатын туындысы Жамбыл облысы аумағындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстары кезінде құрылған «Түркістан» кеңшары туралы жазылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Жамбыл облысы аумағындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстарын 1954 жылдың 19- қазанында Қазақ ССР Министрлер Советі «Жамбыл облысында жаңа астық совхоздарын ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін қарқын алды. Бұл жұмыстардың ресми бастауы болған құжатта облыс аумағында 249 мың гектар оның ішінде астық егуге жарамды 126 мың гектар алқапты жаңадан жаңадан ұйымдастырылатын тың кеңшарларға беру ұсынылды. Сондай Жамбыл облыстық советі атқару комитеті облыс аумағынан 12, Қазақ ССР Совхоздар министрлігі 9 тың кеңшарын ұйымдастыру туралы бастама көтерген. Өз кезегінде Кеңес одағы құрамындағы елдердің қоғамдық-саяси өміріндегі осы бір өзгерістер кеңес-қазақ әдебиетшілерінің шығармашылығына да әсер еткен. Мәселен қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың қаламынан шыққан «Түркістан солай туған» очеркіне қазіргі Сарысу ауданының Байқадам ауылының аумағында құрылған «Түркістан» кеңшарының аяққа тұру тарихы арқау болған. Аталған тың кеңшары Орталық Азиядағы Түркістан әскери округінің шефтік қамқорлыққа алынуымен құрылған. Сондықтан да бұл кеңшарға «Түркістан» атауы берілген.

Негізінен тың және тыңайған жерлерде жаңа кеңшарларды ұйымдастыруға әскерилерді тарту арнайы қаулымен реттелді. Кеңес одағының Министрлер Кеңесінің 1954 жылдың 14 қазанында «Запасқа шығатын әскери қызметкерлерді ауыл шаруашылықтарында пайдалану жайлы» қаулысы шықты. Сол қаулыға сай 85-90 мың әскери қызметші жаңадан ұжымдасып жатқан кеңшарларға жолдамамен жіберіліп жатты.Мселен Орталық Азияда орын тепкен Түркістан әскери округі Сарысу ауданындағы «Түркістан» кеңшарын өз қамқорлығына алған. Бұл кеңшар алғашында «Байқадам» деп аталған. Запасқа шыққан солдаттармен бірге техника, әскери шатырлар, көшпелі монша, асхана, үлкен су, жанар-жағар май құятын ыдыстар, құрылыс материалдарын жеткізді. Олар «Түркістан» кеңшарында 1955 жылдың жазында бір көшенің бойында 2 пәтерлік 6 үй, 4 пәтерлік 12 ағаш үй тұрғызды. Сол себепті де жаңа құрылып жатқан кеңшар осы әскери округтың атымен «Түркістан» деп аталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір