05 Шілде, 2015 NEWS
Астана күні. Елбасы шетелден алған сыйлықтар
6 шілде Астана күні және Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы туған күні қарсаңында Сауд Арабиясы Королдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында «Президент...
6 шілде Астана күні және Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы туған күні қарсаңында Сауд Арабиясы Королдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында «Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік феномені» тақырыбына «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Дөңгелек үстелді Қазақстанның Сауд Арабиясындағы төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Батырашев ашып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларындағы зор жетістіктеріне тоқталды.
Өз кезегінде, «дөңгелек үстелге» қатысушылар да Н. Назарбаевтың халықаралық аренадағы саяси феномені және оның Қазақстан мен Сауд Арабиясының екі жақты ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Іс-шара шеңберінде Президент және Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму салаларындағы жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.
Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевты Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев I дәрежелі "Манас" орденімен марапаттады.
Ал Татарстан астанасы Қазан қаласының көшелерінің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.
Сондай-ақ, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Беларусь пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "Халықтар достығы" орденімен марапаттады.
Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты “Александр Невский” орденімен марапаттады. Аталмыш орден мемлекет құрылымында ерекше жұмыстары үшін, көпжылдық ерікті қызметі мен қызмет жолында жоғары нәтижелер көрсетіп, Ресейдің халықаралық беделі мен отан қорғау қабілетін күшейкені үшін, экономика, ғылым, білім, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау салаларын жетілдіргені үшін беріледі. Сонымен бірге, шетелдік белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне де беріледі.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір