• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:56:29
Алматы
+35°

Жамбыл облысының танымал суретшісі, мүсіншісі және қолөнер шебері Қазым Аманқосов Солтүстік Кипр аралының Никосия қаласында өткен халықаралық суретшілер симпозиумына қатысты. Іле-шала жамбылдық суретші түркиялық тараптың ұсынысымен Никосия қаласында 1 ай бойы жеке көрмесін өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

15 күнге созылған симпозиум жұмысында Қазым Аманқосов негізінен кескіндеме өнері бойынша картиналар салған. Түркия азаматы Гунсал Суаттың жеке бастамасымен өтіп жатқан көрменің негізгі мақсаты келер жылы Кипрде ашылатын заманауи өнер мұражайына түркі елдерінің мәдениетін танытатын экспонаттар мен картиналарды жинақтау болып табылады.

Айта кету керек Жамбыл мәдениетінің қолөнер, көркем сурет бағытында өзіндік қолтаңбасы бар Қазым Аманқосов шығармашылығы бұған дейін халықаралық деңгейде танылып келеді. Көптеген халықаралық және республикалық көрме-байқауларға қатысып жүрген суретшінің кей шығармалары Франция, АҚШ, Германия, ЮНЕСКО, Испания елдерінің жеке коллекцияларында сақталған.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болғанын айтылады.

«Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес», деп жазады Елбасы.

Сәйкесінше суретші Қазым Аманқосов шығармашылығынан да заманауи технология мен ежелгі қолөнер стилдерінің үйлесім тапқаны аңғарылады. Әсіресе оның атағын шығарған «Ортеке» туындысында қолөнер мен қазақтың күйінің ырғағы байқалады. Сондықтан да жерлес суретшінің шығармашылығының қайнар бұлағы қазақ жеріндегі ежелгі қолөнер туындыларынан өрбіп, әлемдік тәжірибемен біте қайнасқанын айтуға болады. Осынау өнерді күллі әлемге насихаттап, халық руханиятының дамуына өз үлесін қосып жүрген өнерпаз жақында ғана «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір