• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:43:24
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Жуалы ауданында бой көтеріп жатқан «Қаралма» тау-шаңғы базасы өңір тұрғындары мен қонақтарына жыл бойы қызмет көрсететін бірегей кешенге айналмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен жылы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан «Қаралма» тау-шаңғы базасы» жобасы қолға алынған еді. Кешен «Көксай»шатқалы мен «Ақсу-Жабағылы»

Табиғи қорығының аумағында бой көтеруде. Әрі мұнда ақ ұлпа қар мамыр айына дейін ерімей жатады. Нысан орналасқан аумақ облыс орталығынан да қашық емес.Халықаралық автодәліз де іргесінен өтіп жатыр.

–Жобалық құны 3 миллиард 355 миллион теңгені құрайтын «Қаралма» тау-шаңғы базасы жобасын жүзеге асыру мақсатында 274 гектар аумақта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда шаңғышыларға арналған ұзындығы 2050 метр болатын аспалы жол салынған. «Қаралма» кешенінің құрамына құрамына 20 коттедж, 100 орындық 1 мейманхана, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызмет көрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа да сауда-ойын-сауық орындары кіретін болады. Кешен өз тұтынушыларына жыл он екі қызмет көрсететін болады, –дейді Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Бір сөзбен айтқанда Жамбылдың Шымбұлағына айналдыру үшін Қаралма шатқалы таптырмас орын. Оны заманауи үлгідегі тау шаңғы базасына айналдыру мүмкін болса мұнда бір күнде 3 мың саяхатшыға қызмет көрсетілмек. Қазір кешендегі құрылыс жұмыстары бел ортасына таяп қалды. Негізінен «Қаралма» құрылысы екі кезеңде жүзеге асатын болады. Оның алғашқысында жаппай халықтық, яғни жастар мен балаларға, отбасылық демалысқа арналған шаңғы трассалары салынады. Ал екінші кезеңде кәсіби деңгейдегі сырғанау жолдарына кезек беріледі. Сондай-ақ мұнда 2 шақырымнан асатын заманауи үлгідегі аспалы темір арқан жол орнатуға пайдалынылатын құрал-жабдықтар Аустриядан әкелінетін болады. Жоба толығымен мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан жоба кәсіпкерлер тарапынан зор сұранысқа ие. Ал болашақта «Қаралма» тау шаңғы базасына инвесторлар тартылмақ. Жоспар бойынша нысанның құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, тұрғындар «Қаралма» тау-шаңғы базасында демала алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір