• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:15:54
Алматы
+35°

 

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасына үлес қосу мақсатында жамбылдық жастар ағымдағы жылы 125 жылдығы тойланатын қазақтың біртуар ұлы Тұрар Рысқұлв жайында қысқаметражды фильм түсіруді қолға алмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұрпақ тәрбиесінде олардың санасына әсер етудегі киноның айрықша рөлі сөз болады. Сондықтан жауапты мекемелерге қазақ тарихында із қалдырған оқиғалармен олардан танылған тұлғалар жайында фильмдер шығару тапсырылған-ды. Расында қазақ халқының тарихында өмірі тұтас бір кинокартинаға арқау болатын тұлғалар жетерлік.

–Бұл арнайы жоба аясында қазақстандық жазушылардың шығармашылығы тарихи фильмдер түсіру және шығармашыл жастарды кино әлеміне тарту, үздік сценарийлерді жазуға ынталандыру бағыттарында жұмыс атқарып келеміз. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындаған міндетін жүзеге асыруда ағымдағы жылы алға қойылған ауқымды іс-шаралар жетерлік. Мәселен биыл Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында «Үздік сценарийлер», «Жалынды жастық шақ» бейнероликтер байқауы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Меркі ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен Меркі, Аспара қалашығы, Меркі – 1,2,3,4,10 қорғандары мен Сандық, Қарақыстақ шатқалы, балбал тастардың жайында тарихи деректі фильмдер түсіруді жоспарға енгіздік. Сонымен қатар ағымдағы жылы Жуалы ауаны әкімдігінің демеушілік етуімен Шерхан Мұртаза атамыздың «Қызыл жебе» романы желісінде Тұрар Рысқұлов туралы қысқаметражды фильмін түсіруді қолға алуға ниет етіп отырмыз, –дейді облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа.

Айта кету керек ағымдағы жылы 125 жылдығы аталып өтілетін Тұрар Рысқұловтың саяси қайраткер ретінде өмір жолы көзі қарақты оқырманға жақсы таныс. Өйткені оның ғұмырнамалық романы саналатын Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебесі» кезінде оқырмандар тарапынан оң бағасын алған туынды. Әуелі патша әкімшілігінен кейіннен жергілікті бай болыстардың қысымына шыдамай бірде қазіргі Алматы қаласының маңын, бірде Түркістан облысының Түлкібас ауданын мекен етіп бас сауғалаған отбасынан шыққан Тұрар Кеңес одағын орнату ісіне белсене қатысады. Көзін ашқаннан түрме тәрбиесін көрген ол бұл іске жоғары саяси сауаттылықпен және ыждаһаттылықпен кірісті. Соның арқасында аз уақытта Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасарынан Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары, Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметтеріне дейін көтерілді. Ал өмірінің соңғы сәтіне дейін Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған тұлға.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір