• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:33:50
Алматы
+35°

Жамбыл облысында Тараз қаласы мен қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге қатынайтын туристік автобус іске қосылды. Жастар жылы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл автобустар туристер сұранысына ие бағыттарға сай маршруттармен жүреді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Енді кезекте жыл соңына дейін Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін сенбі, жексенбі және мемлекеттік мейрам күндері тұрақты түрде 2 автобус туристік автобус қызмет көрсетпек. Әрі бұл автобустар тұтынушыларына ақысыз қызмет көрсетеді. Туристік автобустың алғашқы бағытымен сапарға көп балалы отбасылардың мүшелері, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар аттанды. Тараз қаласы маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге туристерді жеткізетін көлік құралының бірінің сыйымдылығы 55 орындық болса, енді бірі 18 жолаушының діттеген жеріне жеткізуді көздейді. 2000 жылдан астам тарихы бар көне шаһар аумағында туристер қызығатын орындар аз емес. Соның бірі махаббат пен сүйіспеншілік, адалдық жайындағы аңыздың басты кейіпкеріне айналған Айша бибінің кесенесі. Қапы да жылан шағып өлтірген сүйгеніне арнап Қарахан Әулие тұрғызған кесене бүгінде туристермен бірге тәу ете келушілердің ордасына айналған. Сондықтан да туристік маршруттың алғашқы бағыты «Айша бибі» кесенесі деп аталады. «Көне Тараз» ашық аспан астындағы мұражайынан басталатын бұл бағытта туристік автобус жолаушылары «Қарахан» мавзолейі, Дәуітбек кесенесі, ерте дәуірдегі ислам мешіті, «Қали Жүніс» моншасы, ортағасырлық «Төрткүл » керуен сарайымен бірге Қазақ хандығына 550 жыл ескерткіші, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерін аралап көру мүмкіндігіне ие болады.

Сол секілді туристік автобус жолаушылары құрылысының ерекшеліктерін ғалымдар Египеттегі пирамидаларымен салыстыратын Ақыртас кешенін сәулеттік ерекшеліктерімен де таныса алады. Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртас» кешеніне бағыт түзейтін туристік автобус ең әуелі Тараз қаласы аумағындағы «Қарахан» мавзолейі, Дәуітбек кесенесі, ерте дәуірдегі ислам мешіті, «Қали Жүніс» моншасы, ортағасырлық «Төрткүл » керуен сарайына барады. Мұнан соң сапар бағыты «Тектұрмас» кесенесінен «Ақыртас» кешеніне қарай ауысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір