• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:33:29
Алматы
+35°

 

Тараздық кәсіпкерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкенің өсіп-өркендеуі жолында демеушілік танытуда өзгелерге үлгі боларлық істің басы-қасынан табылып жүр. Өткен жылы тараздық жомарт жандардың көмегімен жүзеге асырылған ауқымды жобалардың жалпы құны 374 миллион теңгені құрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен жеке кәсіпкер Арман Жұмабаев темір жол бекеті маңындағы скверді абаттандыруға 150 миллион теңгеге көмек көрсеткен. Ал «Арайстроймаркет» ЖШС-нің директоры Арман Еділбаев «Атшабар» скверінің құрылысына 224 миллион теңге жұмсады. Өткен жылы қала күні қарсаңында пайдалануға берілген қос нысанда бүгінде қала қонақтары мен тұрғындары үшін сүйікті демалыс орны айналған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова да «Туған жер» жобасына қатысып, өз бастамасымен бір отбасында екі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған тараздық Жолдыбаевтар жанұясына автокөлік сыйлады. Қазақстанның Еңбек Ері, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында өз мәзірінде ұлттық тағам түрлеріне басымдық берген «Ғибрат» орталығын ашты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев пен «Альтаис групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлімбек Жұмабаевтың демеушілігімен тараздық Тұрғановтар, Әбілбашировтер отбасыларына баспаналы болу бақыты бұйырды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланған жылы «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіров өз қаражаты есебіінен «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында әмбебап заманауи спорттық алаңшасының бой көтеруіне мұрындық болды. Бұл алаңшада бір мезгілде 25 бала спорттың волейбол, баскетбол, шағын футбол сынды түрлерін ойнай алады. Осынау игі бастаманың жанынан табылып жүрген қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Кан «Самал» шағын ауданында 25 және 30 үйлердің ауласына бейнебақылау жүйесін енгізді. Ал облыстық мәслихаттың депутаты, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов 12 талапкердің жоғары білімді тегін алуына жағдай жасады.Бұл мүмкіндік «Тараз» футбол клубының қосалқы құрамында өнер көрсететін 9 спортшы мен 3 мүмкіндігі шектеулі азаматқа берілді.

Бұдан өзге, облыс орталығындағы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының жетекшісі, білікті дәрігер жеке 3800 тұрғынды тегін дәрігерлік тексеруден өткізді. Облыс орталығының көгеріштендіру, көркейту ісіне үлес қосып жүрген «Жасұлан и К» ЖШС-нің директоры Ж.Омарова аз қамтамасыз етілген бір отбасынан шыққан баланың 5 жылдық оқу ақысын төлеп берді.

Міне, тараздық атымтай жомарт жандар қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жоғары да аталған ізгі амалдардың бағдарламасы ретінде қабылдап жүр. Әрі олар мыңдаған жерлестеріне сол бағдарламаның шарапатын сезінуге мүмкіндік беріп жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір