• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:17:58
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаның мақсаты – гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру. Бұл бастама 2018-2019 оқу жылында студенттердің оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында Кови мен Хараридің кітаптары жарық көріп, Жамбыл облысы Талас аудандық орталық кітапхананың кітап қорын толықтырды. “Рухани жаңғыру” бағдарламасында көрсетілген сананың ашықтығы, білімге құштарлық, прагматизм сияқты негізгі құндылықтар жастар арасында осындай кітаптар арқылы жақсы қамтылады.

Аталмыш кітап аудан әкімінің орынбасары Қ.Садубаевқа насихатталынды.

Ювал Ноаһ Хараридің “Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы” 20-дан астам мемлекетте 7 миллион данамен таралған. Оны қазақ тіліне аударған автор – Мақсот Ізімұлы.

Айта кетейік, Оқулықтар 130 жоғары оқу орны мен 130 колледжге 10 мың данамен таратылды. Оның үстіне openu.kz сайтынан «Ұлттық аударма бюросында» шыққан барлық кітаптың электронды нұсқасын ашып, оқуға болады. Яғни, кітаптарды Интернеті бар кез келген адам аша алады.

Бұған қоса, сала ғалымдарының қатысуымен барлық оқулыққа қазақ, орыс тілдерінде видеолекциялар әзірленіп, сол ресурсқа салынып жатыр. Кітаптардың кейбірінің аудионұсқалары әзірленіп, оларды да жүктеп жатырмыз. Халықтан сұраныс болғандықтан, кей оқулықтарды кітап дүкендеріне шығардық. Қысқасы, оқулықтар қалың оқырманға жетуі үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасауға тырысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір