• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 11:07:48
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, "Қамшыңа" жазшы», – дейді әкем

24 Тамыз, 2019 Аймақтар

Партиялық жобаның көпшілікке пайдасы тиіп жатыр

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үмітбала Ибраимова «Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Халықтың мәселесін шешеміз» атты көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көшпелі қоғамдық қабылдауға облыстық маслихаттың депутаты Жайдар Әйтішев, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев және өзге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген Мойынқұм ауылының тұрғыны, көп балалы ана Гүлмира Әсетілдаева өзінің аз қамтылған отбасы ретінде мектеп жасындағы балаларына мектепке қажетті киім-кешектерін алып беруін өтінді. Партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ү. Ибраимова өтініш иесімен сөйлесе келе осы отбасында мектеп жасындағы бала санын анықтап, қоғамдық қабылдауға қатысып отырған аудандық білім бөліміне аз қамтылған отбасылар тізіміне қосуды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, Үміт Серікқызы бұл отбасыны өз назарына ұстайтынын жеткізді. Қоғамдық қабылдау барысында аталған азаматшаға аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Әділбаев Танат жомарттылығын танытып, көпбалалы анаға 1 сынып оқитын баласына мектепке қажетті киім-кешек тапсырды.

Қоғамдық қабылдауға жазылған келесі азаматша – Мойынқұм ауылының тұрғыны, көп балалы ана Күляш Смағұлова өзінің 6 баласы бар екенін айтты. Жағдайы жоқтығын, және мектеп жасындағы балаларына мектепке қажетті құралдарын, киім-кешектерін алып беруін сұрады. Үміт Ибраимова өтініш иесімен тілдесе келе көпбалалы отбасы ретінде атаулы әлеуметтік көмек алатының анықтап, балаларын аз қамтылған отбасылар тізіміне кіргізуді ескертті. Ал өз кезегінде облыстық партия қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ү.Ибраимова алдағы уақытта аталған көмекті алғанын жіті бақылайтындығын еске салды. Қабылдау барысында аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Төлегенов Сәбит өзінің әрқашанда осындай көпбалалы аналарға қол ұшын беретіндігін жеткізіп, Смағұлова Күляшқа 7 сынып оқитын баласына мектепке қажетті спорттық киім мен спорттық аяқ киімін тапсырды. Өтініш иесі өзінің ризашылығын білдіріп, қоғамдық қабылдауға жиналған құзырлы органдардың басшылары өз алғысын білдірді.

Қоғамдық қабылдауға кірген Қылышбай ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Диданбекова Жазира Қалмақанқызы көп балалы ана ретінде

мемлекеттен қайтарымсыз несие алғысы келетінін жеткізіп, өзіне жеке кәсіп ашқысы келетіндігін айтып, несие алуға көмектесуін өтінді. Жұмыспен қамту орталығының директоры Қалымбетова Бақыт Диданбекова Жазира бұдан бұрын өзіне өтініш жасағанын, сонымен қатар, бұл азаматшаның бизнес жобасын өзі қорғап шыққанын, бір апта көлемінде несие берілетіндігін айтып, өтініш иесін қуантты. Мәселе оң шешімін тапты.

Қоғамдық қабылдау соңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиланың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі қатысып отырған құзырлы органдарға қоғамдық қабылдауға үнемі қатысып, белсенділік танытуға шақырды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір