• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:18:22
Алматы
+35°

Тараз қаласында ағымдағы жылы «Туған жер» жобасы аясында жалпы қаражаты 231,8 мың теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Туған жер» жобасы аясында бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды ынталандыру, көтермелеу және Отанын дамытуға шақыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірбиесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында ағымдағы жылы «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өткізіліп, 7 номинация бойынша марапаттар табысталды. Атап айтқанда, «Жыл меценаты» номинациясы - «Таразэнергоорталық» АҚ-ның президенті Б.Мәуленов, «Туған өлке» номинациясы - «Мейірім» медициналық орталығының құрылтайшысы Г.Нұрымова, «Жыл тұлғасы» номинациясы - «Агроспецстрой» мекемесінің директоры М.Рахымбердиев, «Жүректен жүрекке» номинациясы - жеке кәсіпкер М.Лештаева, «Батыл жүрек» номинациясы - Тараз қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Заурбек, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы - Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Н.Әбілдаев, «Ерен еріктілік» номинациясы - «Жасыл Ел» еңбек жасағының белсендісі, волонтер М.Генжемұратова алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында қала әкімінің орынбасары К.Олжабайдың төрағалығымен Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес отырысы өткізіліп, атқарылған жұмыстар қаралып, бөлім басшыларымен қалалық офис қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын ақпараттық қолдау жөніндегі медиа-жоспар бекітіліп, қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 67 мақала жарияланды. Ақпараттық агенттіктерде 81, ресми сайттарда 42, әлеуметтік желілерде 52 материал орналастырылды. Жергілікті телеарналарда 59 бейнесюжет көрсетілді.

Қаланың орталық көшелерінде 17 баннер, 1 пилон, 1 брендмауэр, 2 арка, 64 жалауша, 8 лайтбокс орналастырылған. Білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 67 баннер, 161 стенд, 339 бұрыш және 12 «Рухани жаңғыру» кабинеттері бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір