• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 10:56:51
Шашырап жүрген қазақты бүгін көшіріп алмасақ, ертең жоғалтып алуымыз мүмкін

25 Тамыз, 2019 Аймақтар

Бағдарламалар жүйелі жүзеге асып жатыр

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық ішкі саясат бөлімі бірқатар жұмыстар атқаруда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бағдарламалық мақаланы облыс орталығында жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына арнайы бағыттары мен жобалар аясында 86 іс-шара енгізілді. Қазіргі таңда оның 37 іс-шарасы өткізіліп, онда 14842 адам қамтылды. Сондай-ақ, бағдарламалық мақала аясында жалпы 286 іс-шара өткізіліп, оған 57 214 адам қамтылды. Олардың қатарында «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік кездесу, «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектеріне сертификат табыстау рәсімі, «Қайсар» көркем фильмінің және «No Limits» деректі документалды киносының тұсау кесер рәсімі, «Сіз оқуға тиіс әлемдік 100 кітап» әдебиет аллеясы, «Қазақстандағы тарихи орындар» атты кітап көрмесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы З.Габидулинаның демеушілігімен жүзеге асырылған балалар аула алаңшасының ашылуы, «Жамбылым қандай тамаша» атты концерттік бағдарламалар бар.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелері және ашық аспан астындағы «Көне-Тараз» археологиялық музейі туралы 4 бейнеролик, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 1 бейнеролик және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының бірінші кезеңінің жеңімпазы З.Габидулина туралы 1 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналарда, ресми сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сондай-ақ, «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың QR – кодтары бар тақтайшалар қаладағы 5 кітапханада орналастырылды.

«100 жаңа оқулық» жобаларын іске асыру мақсатында қаладағы орта мектептерде ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айында «Book Dating» кітаптарын танымал тұлғалардың таныстыруы, «Сыйлыққа кітап» атты акция өткізіледі.

Ал «100 жаңа есім» жобасы аясында қаладағы оқу орындарында, мекемелерде қыркүйек-желтоқсан айларында 20 іс-шара өткізу жоспарлануда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір