• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:39:09
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

24 Тамыз, 2019 NEWS

Шығыс Қазақстанда туризм саласындағы құқықтарға кепілдік беру жүйесі туралы айтылды

​Облыстағы туроператорлар мен «Туристік Қамқор» қорының өкілдері кездесіп, туристердің шет мемлекеттерге шығуы жөнінде кеңінен талқыланды.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласынан «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов қатысып, шетелдерге шығудың мәселелерін қозғады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының мамандары шетелдерге саяхат жасауға құмар отандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру жүйесін енгізген. Қордың негізгі міндеті – туроператордың қаржылық дәрменсіздігі себебінен шұғыл жағдайға тап болған шетелдегі қазақстандық туристтерге шұғыл көмек көрсету.

шқо

– Бұл жүйе чартерлік рейспен ұшатын туристер үшін тиімді. Біздің мекемеден билет алған кезде тур-пакетпен бірге беріледі. Ал жолаушы билетті өз сатып алған жағдай, агенттік оның қонақ үйдегі жатын орнын ғана төлеп береді. Сол сияқты жағдай туристтің Қазақстанға орала алмайтыны жөнінде мәселе болмайды. Бүгінде заңға сәйкес «Туристік Қамқор» қорының жарнасына чартерлік және тұрақты рейстер де кіреді. Егер тұрақты рейспен адамды қайтара алмасақ, онда бағытқа билеттерді сатып алған авиакомпания өкілдері бұл қызметті жүзеге асыра алады. Қазір біз туристерге ыңғайлы болу үшін заңға өзгерістер енгізіп, тұрақты рейске билет алған жолаушының «Туристік Қамқор» корпоративтік қорына қосымша жарна аудармасы үшін жағдай жасауды жоспарлап отырмыз, – деді ​ «Премьер тур» компаниясының директоры Валерия Топольняк.

Валерия Топольняк айтуынша, егер жолаушы 0,5 АЕК төлессе, турист те, тур-оператор да қосымша қаржылық қиындықтан құтылады.

– Бүгінгі жиында айтылған мәселелерді тур-операторлардың Ассоциациясында көтеретін боламыз. Ең алдымен, біз заң шеңберінде жұмыс істеу керегін түсінуіміз керек. Біздің тараптан заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды ғана айту қолдан келеді. Мәліметтерге сүйенсек, туристердің дені тур-агенттіктерге өз билеттерімен бірге келеді. Соның салдарынан олар барлық шаруаны ретке келтіруді өз қолдарына алады. Онлайн-туризм саласында ілгерілеушілік байқалмайды. Мұның басты себебі – агенттіктер арасындағы бәсекелестіктің төмендегінде жатыр. Шетелге шыққысы келетін азаматтар үйде отырып, интернетті қолдана салудың орнына сол бұрынғыша агенттікке келеді, – деді «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов.

​Жиын барысында Асылхан Есілов еліміздегі 50-55 тур-оператордың «Туристік Қамқор» қорының құрамына кірмегенін атап өтті. Сондай-ақ көптеген туристік компаниялар операторлық лицензиялары жоқ болғанына қарамастан бұл салада еңбек етіп жүргенін айтты. Бұл осы агенттіктердің көмегіне жүгінген туристердің құқығы қорғалмайтынынан хабар береді. Бұдан бөлек туристік агенттіктердің дені мемлекеттік тізімде тіркелмепті. Қазір мұндай агенттіктермен күрес жүргізілуде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір