• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:43:16
Алматы
+35°

24 Тамыз, 2019 NEWS

Шығыс Қазақстан облысында "Толағай сұлтаны-2019" атты халықаралық спорттық-шығармашылық байқауы басталды

Көкпекті ауданындағы ипподромда "Үздік жігіт" анықталуда. Бұл "Толағай сұлтаны-2019" атты халықаралық спорттық-шығармашылық байқауының алғашқы кезеңі екенін атап өткен орынды.

Байқау биыл Қазақстан Республикасында жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылуда, деп жазады ШҚО ақпарат орталығы.
 
Спорттық сайысқа Ресей Федерациясының Алтай өлкесінен, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан келген 23 жас жігіт қатысып, кім мықтыны анықтауда. 
 
Байқау екі күнге созылады. Оған қатысушылар 24-25 тамыз аралығында спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, өзара бақ сынаспақ. Байқаудың бас жүлдесіне – автокөлік тігілген.
 
Күні бойы "Үздік жігіт" байқауына қатысушылар үздік мергенді анықтап (жамбы ату), аттың құлағында ойнайтын жігіттер теңге ілу, қол күресу, аударыспақ, қазақ күресі сынды спорт түрлері бойынша жарысуда.
 
– Өткен жылы осыған ұқсас "Жігіт сұлтаны" байқауын өткіздік. Ал биылғы байқау тоғыз жасында ел-жұртты құрғашылықтан аман алып қалу үшін тау көтерген Толағайдың құрметіне орай ұйымдастырылуда. Бұл тау осы жарыс өтіп жатқан маңайда орналасқан. Алдағы уақытта ол жақтв туристердің сүйікті орнына айналатына сенемін, – деді Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір