• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:11:50
Алматы
+35°

 

Қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты болуы – білімді, ақыл-ойы терең жастардың қолында. Сондықтан жастар қоғамның жетекші күші саналады. Осыған орай Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан «Tұран» демалыс орталығында «Жастар шақырады» атты облыстық көшбасшылар форумы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен облыстық форумға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестігінің жастары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының және «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.


Аталған шара екі күнге созылды. Жастар арасында бейбітшілік тұғырын бекем сақтау мен мемлекет дамуына үлес қосудың жолдарын талқылауды көздеген үлкен форум жастарды ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, бітімгершілік пен бейбітшілік құндылықтарына берік болуға шақыруды мақсат етті. Сонымен бірге, өңірлерде дарынды жастардың шығармашылығын анықтау, қолдау және көтермелеу, ұлттық мұраны насихаттау және қазақстандықтардың жас буынын мәдени-рухани тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыру және мемлекеттік тілді оқыту арқылы халықтың бірлігін нығайтуды көздеді.


Шара барысында екі күн бойы Жамбылдың талапты да талантты жастары бір-бірімен түрлі қызықты мотивациялық тәжірибелерімен бөлісті. Бірі ойындар арқылы қызықты орта қалыптастырса, екіншілері спорт ойындарымен баурап алып, енді бірі өмірлік жетістіктері мен жастарға саяхат әлемінің қыр-сырларын ортаға салды.


Сонымен қатар, жиынға шақырылған өнерпаз жастар көрермендерге әсерлі әндері мен билері арқылы жақсы көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, суда жүзу спорттық ойыны бойынша - «Лови волну-2019» жарысы, ән айту өнерінен караоке сайысы, би сайысынан – дискобилер ұйымдастырылып, «Сөйлеу шеберлігі, шешендік өнер», «Өзіңді-өзің «қамшыла»!» тақырыптарында семинар-тренингтер, сонымен қатар, «Қазақтану» бағдарламасы аясында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптары да өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір