• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:48:20
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы облыстың туризм саласы кәсіпкерлеріне және мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен жиында ұйымдастырушы басқарманың мамандары «Taraz Tour» мобильді қосымшасын тиімді пайдалану бойынша дәріс жүргізді. Басқосуға облыстағы барлық туристік фирмалар, қонақ-үй басшылары, мейрамхана және де емдеу сауықтыру орталықтарының өкілдері қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 


Айта кетейік, бұдан бұрын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында облыста «Taraz Tour» мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Мобильді қосымша үстеме шынайылық элементтерін құрайтын бес тілдегі аудио және мәтіндік ақпараттан тұрады. Бүгінде облыстың 33 ірі туристік нысандарына QR кодтары орнатылды. Нәтижесінде кез-келген турист тарихи орын жайында толық ақпарат алатын жағдайға жетті. Ендігі кезек, жан-жақты қамтылған мобильді қосымшаға өңірдегі барлық туристік қызмет көрсету орындарын енгізу. Аталмыш оқыту семинары осы мақсатта өткізіліп отыр.


Мобильді қосымша тек туристер үшін ғана емес, сонымен қатар туристік фирмалар, қонақ-үйлер мен мейрамхана және де емдеу сауықтыру орталықтарына да оңтайлы. Қызмет көрсетуші мекемесі жайында толық ақпаратты қосымшаға жүктей отырып, туристерді тартуына мол мүмкіндік алады.


«Taraz Tour» - бұл аймақтың туристік объект туралы жылдам ақпарат беру мақсатында мобильді құрылғыларға арналған, туристік орындарды көпшілікке тарату үшін ыңғайлы болатын құрамында бірнеше қызмет түрі енгізілген бірегей мобильді қосымша. «Taraz Tour» мобильді қосымшасын қолдану үшін Google ұсынған Рlay market немесе Аppstore қолданбалар дүкенінен «Taraz Tour» қосымшасын жүктеу қажет. «Taraz Tour» қосымшасын жүктеп алған соң, мобильді телефон камерасын арнайы орнатылған QR-кодқа жақындату арқылы берілген облыстық тарихи-мәдени және туристік орын туралы толық ақпарат алуға болады. Мобильді қосымша үстеме шынайылық элементтерін құрайтын бес тілде аудио және мәтіндік ақпараттан тұрады.


Қосымша тарихи персонаждар стилінде үстемелі шынайылықтың көмегімен ақпаратты қабылдауды жақсарту, Жамбыл облысының сакралды орындарында «Тұрған әсерді» беретін және виртуалды шынайылылықты жасайтын 360 градусты видеороликтер, интернет желісі жоқ жерлерде де қосымшамен қолдануға мүмкіндік беретін тәртіп, туристік гид және объектіге келушілердің саны туралы толық аналитика бар бес негізгі компоненттен тұрады.
Қазіргі кезде Жамбыл облысының 33 туристік нысанына, әр нысанның кіре беріс шетіне биіктігі 1 м. ені 70 см. болатын мрамор тасына берілген туристік нысан туралы ақпарат енгізілген QR-код орнатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір