• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:41:50
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2019 Тарих

Жаңғырған жаңа мұралар

Жоба аясында Бөкей ханның сұлтан кезінде қолданған мөрі мен Жәңгір ханның мөрі қайта қалпына келтірген.

Биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазреставрация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы басшылары арасында өзара ынтымақтасу жөніндегі меморандум жасалған болатын.

Академия ректоры Асхат Маемиров пен «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны бас директорының м.а. Асылхан Садуов мәдени мұраны сақтау, зерделеу және көпшілікке насихаттау, ғылыми және мәдени байланыстарды тереңдетуді, Түркістан қаласындағы Күлтөбені, Бөкей Ордасы мұраларын қайта қалпына келтіру, еліміздегі басқа да тарихи орындарды жаңартып-жаңғырту, осы іске Академиядағы металл, қыш және ағаш өңдеу, керамика бойынша мамандарды тарту мәселелерін көтерген-ді.

Ынтымақтастық аясындағы жұмыстарға өнер академиясының Сәндік қолданбалы өнер кафедрасының доценті Естай Даубаевтың қосқан үлесі зор. Ол 6 маусымда Бөкей хан мөрінің, Шығай сұлтан мөрінің, 13 тамызда Бөкей ханның сұлтан кезінде қолданған мөрі мен Жәңгір хан мөрінің қайта қалпына келтірген нұсқаларын Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы қорына табыс етті. Сондай-ақ «Хан Ордасы» музей қорығы құрылған кезеңде Жәңгір ханның «Қару жарақ палатасы» экспозициясына қойылған қару жарақтарды қайта қалпына келтіріп, «Хан Ордасының зергерлік бұйымдары» экспозициясын жасақтаған. «Хан мөрлері» реконструкциясын жасау Хан мұраларын немесе Бөкей Ордасы мұраларын қайта қалпына келтіру ісінің заңды жалғасы.

Хан мөрлері басқа билік атрибуттары – Хан көтерген ақ киіз, Хан тағы, Ханның асатаяғы, Хан байрағы сияқты түпнұсқасы сақталмаған мұралар қатарына жатады. Мөр – мемлекеттіліктің тарихын айғақтайтын, хандардың жарлығын, қатынас хаттарын айғақтайтын маңызды болған. Мөр соғу ісі аса жауапкершілікті, алдын ала ғылыми-шығармашылық әзірлікті талап ететін іс. Хан мөрлерін қайта қалпына келтіру жұмысына автор алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде келген. Археологиялық қазбалардан табылған мөрлер мен бұған дейінгі қайта соғылған Абылай хан мөрі қайта зерделенген.

Сәндік қолданбалы өнер кафедрасының доценті Естай Даубаевтың басшылығымен қайта қалпына келтірілген мөрлердің қатарында төмендегі нұсқалар бар:

 j

Бөкей сұлтан мөрі.

1812 жылға дейін қолданған.

   j

Бөкей ханның мөрі.

1812 – 1815 жылдары қолданған.

Жазуы: Бөкей хан ибн Нұралы хан.

  j

Шығай ханның  мөрі.

1812 – 1824 жылдары қолданған.

Жазуы: Шығай сұлтан бин Нұралы хан.

 

 ima

Жәңгір ханның мөрі.

1823 – 1845 жылдары қолданған.

Айта кетейік, «Қазреставрация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бірлесе отырып, еліміздегі мәдени мұраларды қалпына келтіру жұмыстарын одан әрі жалғастырады.

Әділғазы Кереев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір