• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:12:43
Алматы облысы Шамалған бекетінде пойыз автобусты соғып өтті (видео)

28 Тамыз, 2019 NEWS

Отандастарымыз "Wordskills Kazan 2019" чемпионатынан олжалы оралды

Осымен 45-рет ұйымдастырылған "Wordskills Kazan 2019" атты кәсіби шеберлікті анықтау чемпионаты өз мәресіне жетті. Кіл мықтылар анықталды.

Әлемнің 63 мемлекетінен келген 1300-ден астам қатысушы жеңісті қолдан бермес үшін күресті.

Жарыс қорытындысы бойынша Семейдегі электротехникалық колледждің студенті Әли Әскерханов Juniorskills WordSkills Kazan 2019 чемпионатында "Пилотсыз авиациялық жүйені басқару" аталымын ұтып алды. Ал Семейдегі электротехникалық колледждің студенттері Исажан Раисов пен Александр Бетцольд байқауда мехатрониканы жетік меңгергендерін көрсетіп, "Medallion for Excellence” және “Best of national” медалімен марапатталды.

Осылайша, команда қатысушыларының еңбегімен чемпионаттың төрешілері біздің жерлестерімізге жоғары баға берді. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 14 орынды иеленді.

2017 жылы Абу-Дабиде өткен әлемдік чемпионатта қазақстандықтар 24-і орынды иеленген болатын. Ал осы жолғы чемпионатта біздің құраманың мүшелері дайындықтарының мықты екенін көрсетіп, алдыңғы қатардан көрінді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір