• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:56:59
Алматы
+35°

27 Тамыз, 2019 NEWS

Атырауда велокростан алғаш рет ашық біріншілік өтті

24 тамыз күні, Атырауда алғаш рет велокростан ашық біріншілік өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай төртке бөлінді. Яғни, ер балалар және қыздар, жасөспірімдер, сондай-ақ, ересектер арасында өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедияровтың айтуынша, велокросс жарыстарын алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп тұру қолға алынады.

– Жыл басынан бері облыстық велоспорт федерациясымен бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Велоспорт түрінен Нұр-Сұлтан қаласынан өңірімізге маман келіп, жұмысын жүргізіп жатыр. Федерация және жергілікті бюджеттен велоспортқа керекті құрал-жабдықтар алынды. Атырауда тек қана велокростан емес, басқа да велоспорт түрлерінен жарыстар өткізіп тұрамыз, – дейді Нұрбек Ахмедияров.

сiykgu

Жарыстың қорытындысы бойынша, 2005-2007 жылғы ер балалар арасында Трофим Турыжников есімді жасөспірім жеңіске жетті. Ал, 2001-2007 жылғы қыздар арасында Екатерина Ломовцева бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, 2001-2004 жылғылар арасында Никита Безручко бірінші мәреге жетсе, 2002 жылғы және одан жоғары ересектер арасында Артем Дыгин чемпион атанды. 

Сайыстағаы ең жас қатысушы 2014 жылғы Байтас Аманжол болса, ең ересек қатысушы 1989 жылғы Самат Залипов болды.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір