• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:30:07
Алматы
+12°

07 Шілде, 2015 NEWS

Президент Назарбаевты кімдер құттықтады?

Күні кеше ғана ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы мерейлі 75 жасқа толған болатын.  Әдеттегідей Елбасы туған күнін әлем көшбасшылары да назардан тыс...

Күні кеше ғана ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы мерейлі 75 жасқа толған болатын.  Әдеттегідей Елбасы туған күнін әлем көшбасшылары да назардан тыс қалдырмаған. 6-шілде күні Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, жедел хат жолдаса, Түркияның бұрынғы Президенті Абдуллах Гүл мен Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаев мырзалар арнайы келіп, Елбасының қуанышымен бөліскен. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл Президенттің атына келіп түскен құттықтаудың соңғысы емес, әрине. Сонымен, Елбасын мерей тойымен кімдер құттықтады? «Қамшы» порталы халықаралық құттықтаулардың бірқатарын назарларыңызға ұсынады.

  1. Си Цзинпин, ҚХР Төрағасы. Өзінің құттықтау хатында ҚХР Төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың интенсивті әрі қарқынды дамуын сөз еткен. «Екі ел арасындағы байланыс сіздің көреген саясатыңыздың жемісі деп білемін. Сондай-ақ, сізді Уфа қаласында өтетін ШЫҰ саммитінде асыға күтемін»,-деген Си Цзинпин мырза.
  2. Ильхам Әлиев, Әзірбайжан Президенті. Әлиев мырза да екі елдің арасындағы ынтымақтастықты, қарқынды даму кезеңіндегі қарым-қатынастырды тілге тиек ете келе, Президент Назарбаевты мерейлі 75 жасымен құттықтап, зор денсаулық тілеген. «Әлемде Қазақстан десе, бірінші Сіздің есіміңіз айтылады. Осы жылдар бойы сіздің көреген саясатыңыз бен басшылығыңыздың арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары беделге ие болды. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы байланыс артып қана қоймсай, ол жыл сайын нығайып келеді. Осы жолдағы сіздің еңбегіңіз өлшеусіз. Бұл сіздің арқаңыз. Менің шынайы құттықтауымды қабыл алғайсыз»,- деген Ильхам Әлиев.
  3. Александр Лукашенко, Белорусия Президенті. «Белорусияда халық Назарбаевты әлемдік деңгейдегі талантты басшы, саясаткер ретінде таниды. Сіздің бойыңызға дарыған өмірлік энергияңыздың арқасында жылдан-жылға жақсарып отырасыз. Сіз жаңашылсыз әрі бастамашылсыз. Сізді халқыңыз тарихта атыңызды алтын әріппен жазып қалдырады және қазақ халқы сізді жоғары бағалайды. Мен алдағы уақыттарда да ЕЭО пен Қазақстан-Белорусия арасындағы байланыс нығая түседі деп сенемін. Сізге және Қазақстан халқына жарқын болашақ, жаңа жетістіктер тілеймін. Шын жүректен құттықтауымды қабыл алғайсыз»,-депті өз құттықтауында одақтас елдің басшысы.
  4. Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Президенті. Алатау асып келген қырғыз ағайындардың өкілі, қарапайым емес-ау, Президенті Алмазбек Атамбаев мырза да құр келмепті. Президент Назарбаевтың дастарханына құрметті қонақ ретінде шақырылған соң, ол да қарап қалмады. Ақжарма тілегін төкті-ау келіп. «Сіздің өмірлік философияңыз, бай тәжірбиеңіз және адамгершілігіңіз сіздің саяси аренадағы беделіңізді арттырады және Қазақстанның жарқын болашағының кепілі болмақ. Бауырлас елдің атынан, құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіз бізге барлық жағынан үлгі болып келесіз»,-деді Атамбаев мырза Ақордада.
  5. Эмомали Рахмон, Тәжікстан Президенті. «Сіздің көпвекторлы саяси ұстанымыңыз сізді әлем халқы алдында үлкен беделге жетеледі. Бүгінде сізді бүкіл әлем басшылары құрметтейді. Қазақстанның барлық жетістіктері сіздің есіміңізбен тікелей байланысты. Біздің Тәжікстанда халық сізді ұстанымына берік, екі ел арасындағы ынтымақтастықтан өзге бауырластықты нығайтушы үлкен саясаткер ретінде таниды және құрметтейді. Құттықтауымды қабыл алыңыз Президент Мырза!».
  6. Ислам Каримов, Өзбекстан Президенті. Қазақ көшбасшысының туған күніне жедел құттықтау хат жолдаған Өзбекстан Президенті Ислам Каримов мырза, «Өзбекстандағы әрбір адам, әрбір азамат Қазақстанның әр жетістігіне  қуанып отырады. Біз бауырлас мемлекеттерміз. Сондықтан, біздің әрбір жетістігіміз ортақ. Иә, Қазақстанды сізсіз елестету мүмкін емес те шығар.Мен сіздің әр шешіміңізді жақсы қабылдаймын. Әрі әрқашан қолдау білдіремін»,- деген.
  7. Барак Обама, АҚШ Президенті. «Барлық Америка қалқы атынан сізді мерейлі 75 жасыңызбен құттықтаймын. Осындай қуанышты сәтті, өзіңіздің отбасыңызбен, достарыңыздың ортасында жақсы өткізуіңізге тілектеспін. Мен өзіңізге аса құрметпен, екі елдің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар бұдан да артатынына сенімдімін»,-деген өзінің жедел құттықтау хатында Обама.
  8. Владимир Путин, РФ Президенті. Ал Путиннің Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жеделхатында Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандастарының шынайы құрметіне бөленгенін, сондай-ақ парасатты әрі тәжірибелі саясаткер, өз елінің нағыз көшбасшысы ретінде жоғары халықаралық беделге ие екенін атап өткен.

Путин сонымен бірге, Қазақстан тарихындағы әлеуметтік, экономикалық және сыртқы саяси жетістіктерге толы тұтас бір кезеңнің Н.Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті. Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан үлкен үлесіне де тоқталып өткен.

Нұргелді Әбдіғаниұлы
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір