• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:15:51
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2019 Оқиғалар

Үш адамды қасақана қаққан күдіктілердің анасы қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)

Әликееваның айтуынша, оның ұлдары сол оқиға болған күні туысқанының туған күнін Алматыдағы караокелердің бірінде тойлатқан. 

Алматыда автокөлікпен үш адамды қасақана қаққан күдіктілердің анасы Назира Әликеева халыққа үндеу жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әликееваның айтуынша, оның ұлдары сол оқиға болған күні туысқанының туған күнін Алматыдағы караокелердің бірінде тойлатқан. 

"Интернетте қара Toyota Avensis үш жігітті қағып кеткен оқиғаның видеосы пайда болды. Бірақ ол видеода бұған дейін не болғаны түсірілмеген. Шын мәнісінде оқиға былай болған. 25-інде жиенімнің туған күні болған. Олар караокеге барды. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Естуімше, оқиға Гагарин – әл-Фараби қиылысының маңында болған. Үлкен ұлым Жандосқа (Қазір оны қамап, үш бап бойынша айыптап отыр. 6-дан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін) караокеден шыққан кезде шабуыл жасаған. Әдеттегідей, келісе алмай қалыпты. Шабуылдаған адамдар ересектер, менің ұлымнан әлдеқайда үлкен. Құрметті қазақстандықтар! Мен 1995 жылы туған Жандос Әликеев пен 1999 жылы туған Дінмұхамед Әликеевтің анасымын. Ұлым ішпейді. Көп болса, екі кружка ішетін болар. Оны төбелесқұмар ретінде көрсетіп жатыр, бірақ ондайын байқамадым", – деді Назира Әликеева Instagram желісіндегі парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Обращение Казакстанцем

Публикация от Назира Аликеева (@alikeeva_n)

26 тамызда Алматы көшесінде топ адамды автокөлікпен қасақана қаққан видео пайда болған. Видеода ақ түсті көлік жол үстінде тұрған бірнеше адамның алдына келіп тоқтап, кейін шегінгені, ал қара түсті көліктің үш адамды қағып өтіп, тоқтамастан кетіп қалғаны көрінеді.

Оқиға кезінде үш адам зардап шеккен. Бұл іске байланысты Алматы полициясы жедел тергеу жұмыстарын жүргізіп, қылмыстық кодекстің "Жол қозғалысы ережесін бұзу", "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" және "Бұзақылық" баптары бойынша тергеу басталғанын айтқан.

27 тамызда Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталғанын, ал тағы бір күдікті әлі де қашып жүргенін айтты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір