• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:16:48
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

«Шалқар» радиосына жаңа басшы келді

Ұлт үшін ұтымды жұмыс істейді деп сенеміз.

Журналист, философия ғылымының кандидаты Болатбек Төлепберген «Шалқар» радиосының директоры болып тағайындалды.

Болатбек Төлепберген Көрпебайұлы  1974 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы «Жайылма» ауылында дүниеге келген. 1991 жылы ауылдағы орта мектепті күміс медальға бітіріп, 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары «Өркен» және «Жас алаш» газеттерінің тілшісі болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі,1996-1998 жылдары «Зерде» журналы бас редакторының орынбасары,1998-2000 жылдары «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, 2000-2001 жылдары «Асар» жастар газетін ұйымдастырушы, бас редакторы, 2002-2005 жылдары «Журналист» газетінің редакторы болды. 2010 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.

Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен он бес кітапты жарыққа шығарған. 2004 жылы «Көшкен күннің бояуы» публицистикалық кітабы, 2006 жылы «Біз білмейтін желтоқсан» кітабы, 2006 жылы «Желтоқсан-86» он томдық естеліктер, құжаттар, мақалалар жинағы" (құрастырушы авторы), 2007 жылы «1937-2007:Тауқымет пен тағзым» жинағы, 2008 жылы «Мәңгі жас Алаш идеясы» кітабы, 2009 жылы «Ұлтым деп соққан жүректер» жинағы, 2010 жылы «Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, 2011 жылы «Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры» кітабы, 2012 жылы «Қасиеттім-Желтоқсан!» және 2015 жылы «Біз осы не бітіріп жүрміз?» кітаптары жарық көрді.

Сондай-ақ 2008 жылы оның жетекшілігімен елдегі оралман ағайындар жайлы «Сүйікті менің отаным» атты деректі фильм көрерменге жол тартты.

Болатбек Төлепберген - Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Атамұра» корпорациясының жазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993), «Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008) және ҚР Мәдениет қайраткері (2009) және ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011). Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір