• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:02:17
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2019 NEWS

Тәулік ішіндегі кадрлық ауыс-түйістер

Бүгін Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасарлары сондай-ақ еліміздің бірнеше ауданында жаңа әкімдер тағайындалды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Сәкен Қалқаманов пен Ұлан Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары қызметіне тағайындалды. Сәкен Қалқаманов идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болса, Ұлан Тәжібаев ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек инспекциясы, шекара және шекара маңы мәселелерін шешу, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салаларына басшылық етпек.

Келесі кадрлық өзгеріс Алматы қаласында орын алды. Қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әуезов ауданына жаңа әкімі тағайындалды. Бұл қызметке Сайран Сайфеденов келді. Ол бұған дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшының орынбасары қызметін атқарған.

Қызылорда облысының екі ауданында да жаңа әкім. Облыс әкімінің өкімімен Сырдария ауданының әкімі лауазымына Руслан Рүстемов, Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына Сұлтан Мақашов тағайындалды.

Кеше, Наурызбай Байқадамов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір