• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:30:16
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2019 NEWS

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Онда партияның облыстық филиалының жұмыс жоспары мен мәслихаттың депутаттық фракциясының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.

Жиын барысында облыстық партияның төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндама жасады.

– Баршаңызға белгілі, 21 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «NurOtan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Елбасы партия жұмысын жүйелі жаңғыртуғдв тапсырды. Бізге бастауыш ұйымдардың жұмысын арттырып, жемқорлықпен күресті күшейтіп, барлық деңгейде партиялық жауапкершілікті арттырып, халықпен нақты жұмыс істеудің қағидатын енгізіп, ақпараттық-идеологиялық бағыттағы жұмыстарды жаңа трендте қалыптастырып, партия төңірегіне жастарды біріктіру шараларын қабылдау қажет, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Кеңейтілген отырыс барысында аймақ басшысы «Nur Otan» партиясының күнделікті жұмысын жандандырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының уәделерін орындауға, халықтың нақты проблемаларын шешу жолында барынша атсалысу керектігін жеткізді.

– Біз жастарды «Nur Otan» партиясының айналасына топтастыруымыз қажет. Президент еліміздің жаңа келбетін қалыптастыру үшін жастарға қажетті нақты міндеттерді айқындады. «Жас Отан» жас буынды біріктіретін орталыққа айналуы тиіс. Партияның филиалына жастар ресурстық орталықтарындағы идеологиялық қызметті бақылау керек. Сондай-ақ СММ бөлімімен жұмысты жақсартып, алға қойған мақсаттарды бірлесіп орындауды тапсырамын, – деді Даниал Ахметов.

Мәжіліс барысында облыс әкімі, партияның филиалдары мен аудан, қала әкімдерді кадрлық резервті даярлау мәселесіне жете көңіл бөлу қажеттігін атап айтты.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы партияның облыстық филиалына ЖОО-дағы кадр саясатын бақылауда ұстап, өңіріміздің имиджіне нұқсан келтірмес үшін ондағы заңсыздықтарды дер кезінде шешуді жүктеді.

– Елбасы қойған міндеттер бүкіл қоғамға және әрбір азаматқа зор жауапкершіліктер жүктейді. Біздің облыстық партияның активі бұл тапсырмаларды абыроймен орындайды деп сенемін. Осы ретте Сіздерді, алдағы істерге аянбай үлес қосуға шақырамын, – деді Даниал Ахметов.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір