• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:17:59
+35°

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоу жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білмек ниетте сұрақ қойған еді, бірақ қазақстандық басқа елден келгенін айтты.

-Ресейлік боксшылар - мықты. Өте мықты.

-Кім? Атап беріңізші? Ешкім білмейді - деді Головкин.

-  Сенен сұрағымыз келіп еді.

- Мен Ресейден емеспін.

-Қазақстаннан, жарайды.

- Ол Ресей емес.

- Бұрын ол Кеңес Одағы болған. 

- Иә, көп уақыт бұрын болған. 

Естеріңізге сала кетейік, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кездесуге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда өтеді және Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі көрсетеді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір