• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:20:24
Алматы
+12°

29 Тамыз, 2019 Әлем

Минск қаласының Михаил есімді тұрғыны үйінің балконынан ерекше тіршілік иесін байқаған. Михаил дереу телефонына алып келіп, оны суретке, видеоға түсіріп алған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Басында оны колибри деп ойладым. Сосын колибридің түрі мұндай еместігі есіме түсті" – дейді жігіт.

Ол бұл тіршілік иесі туралы ғаламтордан іздеп, колибриге ұқсас тіршілік иесі көбелектердің жынды көбелек тұқымына жататынын анықтаған.

— Жынды көбелекті бұрын да көретінмін, көргенмін. Бірақ тұмсығы ұзынын ешқашан байқамаппын — деп таң қалды Михаил.

Ғылым академиясының ғылыми -тәжірибелі орталықтың қорық ісі бөлімінің қызметкері Екатерина Сетракова оның жынды көбелек тұқымына жататын көбелектің бір түрі екенін растаған.

— Көбелек ұшып жүргендіктен қанатындағы суреті анық көрінбейді. Алайда оның жынды көбелектің бір түрі екенін 90%  — дейді маман. Оның сөзіне қарағанда, бұл Беларусь елінде жиі кездесетін тіршілік иесі. 

—Көбелектің бұл түрі көпшіліктің көзіне түсе бермейді. Сондықтан, оны алғаш көрген адамдардың бәрі де дәл осындай таң қалған күйде болады. Оны бүкіл Беларусьтан кездестіруге болады. Бірақ кез келген жанның жолы бола бермейді. Бұл тіршілік иесін бірден байқау қиын. Көбелектің түсі тым ашық. Өзге жынды көбелектермен салыстырғанда көлемі де кішкентай. Колибри сияқты қимылдайды. Гүлдерге қонбайды. Өзін анықтап қарауға мүмкіндік бермейді,  — дейді маман.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір