• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:39:07
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2019 NEWS

Дәстүрлі әнші өнер академиясына басшы болып келді

Өнер ордасының жаңа басшысы бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.

Дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәлиев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

в

Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев 1975 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған. Әр жылдары "Қазақконцерт" РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А.Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың маусым айынан – Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, 2018 жылдан бастап – Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір