• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:17:14
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2019 Аймақтар

Таразда Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Салтанатты шарада облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Дәурен Дайрабаев баяндама жасады.

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімі Асқар Мырзахметов құттықтау сөз сөйлеп, бір топ азАматтарды марапаттады. Салтанатты жиынға қатысушылар Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты жиындағы сөйлеген сөзінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасының Конституциясы адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, жоғарғы құндылықтарын анықтайтын құнды құжат екендігін атап өтіп, күллі облыс жұртшылығын мәртебесі биік мемлекеттік мерекесімен құттықтады. Мұнан соң өңір басшысы түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға төсбелгілер мен алғысхаттарды, құрмет грамотасын табыстады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және жоспарлау басқармасының бас маманы Гүлмира Байталиеваға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, облыс журналистикасының ардагері Болат Мәуленовке табыс етілді. Ал Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Меруерт Қадырбекова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының дипломымен марапатталды.

Сондай-ақ Тараз қалалық Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы Айнұр Асқарбекқызы, Меркі ауданы Жаңатоған ауылдық огругі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі Гүлнапыш Қалиева, Сарысу ауданы әкімдігі, Түркістан ауылдық округінің әкімі Дүйсенәлі Борсықов, 10216-Г әскери бөлім командирінің тәрбие және идиологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Нұртаев облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды.

Сол секілді көпжылғы жемісті еңбегі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рәтбек Күсенбаев, Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жандос Ратов, 102516-К әскери бөлімі қойма бастығы Қыдырхан Мырзатаев облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шарада облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Дәурен Дайрабаев баяндама жасады. Мұнан соң көрермен қауым Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнер шеберлерінің мерекелік концертін тамашалады. Бұл күні жамбылдықтарға мерекелік көңіл күй сыйлауға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Досымжан Таңатаров пен Саят Медеуов те атсалысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір