• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:44:03
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2019 Саясат

Мәжіліс депутаты отставкаға кету туралы өтініш берді

Бұл туралы Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қаулы етті.

Мәжіліс депутаты Гүлнар Ықсанова отставкаға кетту туралы өтініш берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қаулы етті.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Гүлнар Мұстахымқызы Ықсанованың орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Г.М. Ықсанованың Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін", - делінген ОСК қаулысында.

1958 жылы Түркістан облысында туған Ықсанова 2016 жылдан бастап мәжіліс депутаты. Сонымен қатар ол мәжілістің 2012-2016 жылдардағы шақырылымында да депутат болған. Мәжіліске келместен бұрын Ықсанова "Таң", "Хабар" телеарналарында басшылық қызметер атқарған. 

2019 жылдың 16 тамызда Қазақстан премьер-министрінің сол кездегі орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, актер Нұрлан Әлімжанов, Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова мәжіліске депутат болып барды.

21 тамызда Нұр-Сұлтанда биліктегі "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанды 30 жылдай билеген Нұрсұлтан Назарбаев елдегі "барлық сайлау конституцияда көрсетілген мерзімінде өтетінін" мәлімдеген.

Конституцияға сәйкес, Қазақстанда парламент мәжілісінің сайлауы 2021 жылы өтуі тиіс. Бірақ елдегі саяси сарапшылар мен оппозиция өкілдері Назарбаевтың "сайлаулар заңда көрсетілген мерзімде өтеді" дегеніне сенбейтіндерін ашық айтып жүр.

26 тамызда Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-ге шақырылсын" деген қаулыға қол қойған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір