• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:44:01
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2019 NEWS

Полицейлерге алатаяқ 1 қыркүйектен бастап беріледі

Алатаяқты қайтару үрдісінде заңнамалық өзгерістер жасалынбайды, бюджет қаражаты жұмсалмайды деп сендіруде.

ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізушілер одағы, көлік иелері мен қоғамдық пікірді саралай келе түнгі уақытта, жол нашар көрінетін шақтарда жол қозғалысын реттеу мақсатымен полиция қызметкерлеріне алатаяқтарын қайтару туралы ұйғарымға келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ жезл келесідей жағдайларда қолданылады:

- жол-көлік оқиғалары, көлік кептелістері, жөндеу жұмыстары сынды көлік бағытын өзгертуге тура келетін жағдайда;

- бағдаршам істен шыққанда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде;
⠀ 
"Қоғамдық пікірге құлақ асар болсақ, алатаяқ қолдану жол қозғалысын реттеуші белгілерін көру мүмкіндігін жоғарылатып, полицейлердің қауіпсіздігіне пайдалы. Жол көлік ережелері бұзылған жағдайда көлік құралдарын қолданыстағы ережеге сай қолмен немесе дыбыстық, дауыс күшейткіш құралдардың көмегімен тоқтату сақталынады" делінген ІІМ мәлімдемесінде.
⠀ 
Алатаяқты қайтару үрдісінде заңнамалық өзгерістер жасалынбайды, бюджет қаражаты жұмсалмайды деп сендіруде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір