• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:24:57
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Бизнес бастаймын десеңіз...

Кез келген уақытта жұмыссыз не ақшасыз, бизнессіз қалғанда, күн көріп кететін қолыңда өнерің, бойыңда қасиетің, басыңда білімің болғаны дұрыс.

Жалпы адамның бизнестегі даму эволюциясы былай болу керек деп ойлаймын. 15-25 жас аралығында адам болу, 25-30 жаста бір саланың маманы болу, 30-дан ары қарай бизнес жасау. Бізде көп адамдар, соның ішінде өзім де бизнесті адам және маман болмай тұрып, бастайды екенбіз.

Қазір 25-30 жастағы бизнес жасаймын деп жүрген адамнан бойыңда қандай дағды (skills, навыки) бар десең, нақты жауап бере алмайды. Өйткені ол бір саланың маманы болып қалыптастай тұрып, бизнестиптес бірдеңені бастаған. Реальный бизнеске ақша салу керек. Ал маман бір нәрсе жасап, ақша тауып жүрсе, артық ақшасын бизнеске салады. Не болмаса, бизнесі аяққа тұрғанша, 1-2 дағдысымен параллельно ақша тауып, бизнесін жалғастыра береді.

О бастағы әңгімеге оралсақ, 25 жасқа дейін адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, сөйлесу, жазу, ойды жүйелеу, кешірім сұрау, рақмет айту, кішірейе білу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету т.б. адами қасиеттерді дамыту керек. Одан кейін 1-2 салаға маманданып, кемі 3 ақша әкелетін дағдысы болуы керек. Кез келген уақытта жұмыссыз не ақшасыз, бизнессіз қалғанда, күн көріп кететін қолыңда өнерің, бойыңда қасиетің, басыңда білімің болғаны дұрыс. Осы екеуінен кейін бизнесті бастау жеңіл әрі қызықты, ең бастысы халыққа пайдалы болады.

Бизнес – ол құндылықтар жиынтығы. 1000 теңгелік құны бар қызмет немесе өнімге, 5-10 есе көп құндылық бере алсаңыз, сіз керемет кәсіпкер болып қалыптасасыз. Сонда сіз ақшаның ізінен емес, ақша сіздің ізіңізден жүгіреді. Сіз клиентке емес, клиент сізге көбірек хабарласады. Өз басым бірінші адами қасиеттен бұрын маман болып, кейін кәсіпке келдім. Енді адам бола бастап, маман ретінде де өзімді дамытып жатырмын. Бизнесті әлі бастамадық. Бастаған кезде айта жатармын... Әзірге тек маман ретінде өз қызметімді ұсынушымын...

Нұрлан Жанай

Фейсбук парақшасынан 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір