• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:41:07
Алматы
+35°

Облыс орталығында "Самал" саябағы қолданысқа берілді. Онда қысқа уақыттың ішінде Street workout, роллердром алаңдары мен скейтбордистерге арналған алаңқай, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, сондай-ақ жағажай салынды. Енді бұл саябақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналды, – деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Сондай-ақ мереке аясында облыс әкімі Даниал Ахметов 10 мұғалім мен 15 медицина қызметкеріне Өскемен мен Семей қалаларындағы жаңа ықшамаудандарда бой көтерген үйлердің кілттерін табыс етті.

jhg

Сонымен қатар арнайы алаңдарда жоғары заң шығарушы органдар мен тұрғындардың құқықтық сауаттылығы туралы кеңінен талқыланды.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да "Қазақстан Республикасының Конституциясы – жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет дамуының бағдары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Ускюдар (Стамбул/Түркия) университетіндегі әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абульфаз Давудоглы Сүлейменов қатысты. Дәл осындай дөңгелек үстел Шәкәрім университетін де өтті. Онда ғалымдар, шығармашылық қауым өкілдері мен студенттер бас қосты.

Қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен студенттер тәуелсіз Қазақстан мен ата Заңның қабылдануы туралы мәселелерді ортаға салып, пікірлерін білдірді. Қазақстан Республикасының конститутциясының даму жолын ескере отырып қатысушылар қазіргі Конститутцияның үлкен күшке ие екенін, әр азаматқа бағыт-бағдар беретінін, қоғам мен мемлекет үшін маңызын жоғалтпайтынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстандағы кітапханалар мен музейлерде кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, патриоттық сағаттар, "Ата заң – Қазақстан тұрақтылығы", "Ардың шыңы – Ата заң", "Ата заң – елдігімнің еңсесі" атты электронды викторина жүргізілді. Ұлан, Глубокое, Тарбағатай аудандарында мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады.

Сондай-ақ Достық үйінде, саябақтар мен алаңдарда өңірдегі шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттер өтеді. Жалпы айтқанда облыс көлемінде 350-ден астам тақырыптық іс шаралар ұйымдастырылады.

рь

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір