• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:44:14
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылында халық игілігіне қос нысан берілді. Бірі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су резервуары болса, екіншісі ауылда алғаш рет спорт мектебі ашылды. 1
Мемлекеттік қаржы есебінен салынған резервуарлар мен су сорғылау станциясының құрылысы өткен жылы тамыз айында басталған болатын. Ғимарат сорғы, оператор бөлмесі, тұрмыстық және санитарлық орындардан тұрады. Екі резервуардың әрқайсысының көлемі 500 текше метрді құрайды.
- Біз ауыл тұрғындарын ауыз суымен төрт тәулік бойына үзіліссіз қамтамасыз ете аламыз. Су сорғылау станциясында 4 сорғы орналасқан, әрқайсысы сағатына 37 текше метр су айдауға дайын. Су таситын 3 техника бар, сондай-ақ, 12 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз, - деп атап өтті «AY-Service LTD» ЖШС мердігер мекемесінің директоры Әліп Елубаев. 1
Ал жаңадан бой көтерген спорт ғимаратында жастар шағын футбол, волейбол, баскетбол және жекпе жек түрлерімен айналысатын болады.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарды мереке қарсаңындағы қос қуаныштарымен құттықтап, ауылдың спортсүйер жеткіншектерінің арманын орындауға мұрындық болған «Норд Каспиан Оперейтинг Компаниясына» өзінің алғысын жеткізді.
- Бүгінгі ашылып отырған нысан мереке қарсаңында ауыл тұрғындарына үлкен тарту болып отыр. Бұл спорт ғимараты – қаймағы бұзылмаған, салты мен дәстүрін сақтай білген, ұлттық тәрбиемен сусындаған ауыл жастарының арманына қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар спортшылар тәрбиелеуде мол септігін тигізіп, халық игілігіне қызмет етеді деп ойлаймын. Менің білуімше бұқаралық спорт түрінен осы ауылдың жастары да биік белестерді бағындырып, жарыстарда жүлделі екен. Алдағы уақытта осы мектептен жаттыққан жасөспірімдер арасынан да болашақ чемпиондар шығатынына сенімдімін, - деді аймақ басшысы. 1

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір