• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:37:48
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2019 NEWS

Теміртауда ірі өрт болып, 700 саяжай жанып кетті

Өрт Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы "Металлург" МКМ саяжайында орын алды.

Төтенже жағдай басқармасының хабарлауынша, негізгі күш тұрғын үйлерді, теміржол желісін, Жаңа бекетінің нысандарын, "Металлург" ауылын  қорғауға жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің кәсібилігінің арқасында аталған нысандар тілсіз жаудан аман, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Төтенше жағдай туралы инстаграм желісіндегі patriotkaragandy парақшасы жазды.

Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру поезді, 7 автоцистерна, 64 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Сөндіру жұмыстарына күшті жел мен қалың тұман кедергі келтірген.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен екі әйелге дәрігерлік көмек көрсетілді. Бүгінде олардың жағдайы жақсы.

Алдын ала болжам бойынша, өрт салдарынан 720 саяжай жанып кеткен. Оның 20-сында адам тұрған. Өрт 160 гектар жерді жалмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір