• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Қыркүйек, 05:02:43
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

01 Қыркүйек, 2019 Әлеумет

Түнгі клубтағы "Адай": Атырау облысы әкімшілігі кешірім сұрады (видео)

Атырау түнгі клубтарының бірінде орын алған жайтқа байланысты Атырау облысы әкімшілігі қазақ халқынан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы осы мәселені көтерген фейсбук парақшасының қолданушысы Шынарбек Қабиев жазды.

"Атыраудағы көтерілген мәселе бойынша Атырау облысы әкімшілігі Нұрлан Асқарұлы, оның ішінде ішкі саясат басқармасы басшысы Жасұлан Бисембиевке алғысымды білдіргім келеді. Араға 5 минут уақыт салмай жағдайдың ақ қарасын анықтап, дер кезінде шешімін алды. Мейрамxана әкімшілігі болған жағдайға өкініп, кешірім сұрады. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Азаматтарға раxмет. Өзімізді өзіміз түземесек, сырттан келіп ешкім жаны ашымас" делінген жазбада.

Еске сала кетсек, Шынарбек мырза түнгі клубта "Адай" күйіне билеп жатқан жартылай жалаңаш қыздардың видеосын салып, осы оқиға үшін әкімшілік қызметкерлерінің халықтан кешірім сұрауын талап еткен болатын. 

♦Атырау түнгі клубында жартылай жалаңаш қыздар "Адай" күйіне биледі (видео)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір