• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:14:53
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар

Елорда орталығында асфальт опырылып түсті

Жолдың көлік жүретін жеріндегі шұңқыр Мәңгілік Ел даңғылында пайда болған

Нұр-Сұлтан орталығында асфальт опырылып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  "Астана Су Арнасы" МКК жұмысшылары асфальт түсіп кеткен Мәңгілік Ел, 39 телімінде кәріз құдығын қалпына келтіру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні кәріз құдығы ауыстырылып, жол төселеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мәңгілік Ел даңғылындағы автокөлік қозғалысы шектелемейтіні хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір