• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:42:29
Алматы
+35°

Ресейдегі қазақстандық аралас жекпе-жек күресшісі Дамир Ысмағұлов UFC-дегі үшінші жеңіске ие болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 31 тамызда Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен UFC Fight Night 157-де өнер көрсетті. Оның қарсыласы бразилиялық палуан Тиаго Мойзес болды. Жекпе-жек үш раундқа созылды, Ысмағұлов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Sherdog.com хабарлағандай, 28 жастағы Ысмағұлов үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жегі, ол 19-ын жеңіп, біреуінде жеңілген. 24 жастағы Мойзес кәсіпқой 16-шы шайқасты өткізді. Қазір оның төрт жеңілісі және 12 жеңісі бар.

Айта кетейік, UFC Fight Night 157 турнирінің басты оқиғасы қазіргі чемпион Джессика Андраде мен оның белбеуіне үміткер Вейли Чжан арасындағы алғашқы жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек болмақ. Еске салайық, UFC құрамында Исмагуловтың дебютті жекпе-жегі 2018 жылдың желтоқсанында болды және осы уақыт ішінде екі жекпе-жек өткізді, ол испандық Йоэль Альварес пен австралиялық Алекс Горгиске қарсы жекпе-жектерде жеңіске жетті.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/allsports/damir-yismagulov-UFC-deg-ushnsh-jenske-ie-boldyi-300733/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір