• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:27:51
Алматы
+35°

Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді. Бұл бүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам.


Жамбыл облысында 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның 1-уі үш ауысымды, 1-уі апатты және 3-уі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті. (Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп (апатты мектеп); Байзақ ауданы, Ақшолақ ст. 120 орындық орта мектеп (үш ауысымды); Шу қаласы Тоғай алқабындағы 300 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп); Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп); Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп (оқушы орны тапшылығы бар мектеп)
Сонымен қатар жыл соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі (3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектеп-интернатына жедел саты орнату).
Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.


Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 млрд. теңгеге артық (2018 жылы – 107,8 млрд. тг.). Оның 5,1 млрд. теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қаралып, бүгінде 16 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.


120 орындық Ақшолақ орта мектебі үш ауысымда жұмыс істейтін мектептің мәселесін жою мақсатында жаңадан соғылды. Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 17 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттер бар.
Биыл мектепте 182 бала (17 сынып) 2 ауысымда оқитын болады. Оқушыларға 36 педагог сабақ береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір