• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:09:54
Алматы облысы Шамалған бекетінде пойыз автобусты соғып өтті (видео)

02 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Аспара қамал-бекінісі аса маңызды әскери нысан болған

Жамбыл облысындағы Меркі мен Қорағаты өзендерінің алқабында өз заманында тіршілігі қайнаған Аспара деген қала болған. Орта ғасырларға жататын бұл қамал бекініс Баласағұн, Тараз қалаларын жаудан қорғауда аса маңызды әскери стратегиялық нысан болғанға ұқсайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қалашық қазіргі Меркі ауданының Андас батыр ауылының шетінде орналасқан. Қазір мұнда қалашықтың төбе қалпында сақталған қирандысын көруге болады. Аумағы 250х360 метрді құрайды. Қалашық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне алынған.

Ғалымдар Аспараны қамалды бекініс болған деген деректер келтіреді. Өйткені ортағасырларда барлық жағынан гүлденген Баласағұн мен Тараз қаласына шабуыл жасауды көздеушілердің қатары қалың болған екен. Қала әмірлері олардан қорғану мақсатында әскери бекініс ретінде Аспара қамалы тұрғызуға бел буады. Аты орта ғасырлық Тараз, Меркі, Испиджаб (Сайрам) қалаларымен қатар аталатын Аспара қамалы туралы деректер көп кездеседі. Сондай-ақ ел арасында аталған қамал жайындағы аңыз, жырлар да көп. Мәселен қазір күні Түркияны мекендеп, әмірін жүргізген Аспарух ханys4 арғы тегі де осы өлкеден шыққан. Ал жазба деректерде Аспара қалашығы VІІ ғасырдың бірінші жартысынан белгілі болды. Қытай деректеріне ол Осуболай атауымен енген. Ал Ибн Хордадбек, Құдамай сынды ғалымдар бұл қамал бекіністің Меркі елді мекені маңында Жібек жолының бойында орналасқандығы баяндалады.

Араб ғалымдары Жібек жолының бойындағы елді мекендер мен жер, су аттарын картаға түсіргенде Аспараның атын атап, түсін түстеп оның Тараз қаласынан қашықтығы нақты көрсетеді.Ақсақ Темірдің шежірешісі болған Ибн Арабшахтың жазбасына қарағанда, 1397-98 жылдары Мәуераннахрдың шығысынан Жетісу жеріне Ақсақ Темірдің бұйрығы бойынша жазық далаға орнығып, бірнеше қамал салған. Қамалдың ең шеткісі әрі шалғай орналасып, жеке тұрғаны Аспара еді. Олар Аспараны алынбас қамал, шабуылға шығуға әрқашанда ыңғайлы берік бекініс жасаған. Соның есебінен 1405 жылы Аспарада 10 мыңға дейін атты әскер тұрған екен. Сондай-ақ тағы бір тарихшыМырза Фазыл Чорас өз шығармасында 1513-14 жылдың қыс мезгілінде Қасым ханның Аспара қаласында болғандығы айтылады. Бұл деректі Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі нақтылай түседі. Қазақ тарихының шежіресі болған аталған кітапта 1513 жылы қыста Шаһ Исмаил Сұлтан Сәлімге қарсы соғысуға ат басын Иракка бұрып, ал Қасым хан өз иеліктерін басқару үшін Аспараға қарай жол жүргендігін жазады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір