• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:20:05
Алматы
+35°

Жамбыл облысының аумағында «Әулиебастау» деп аталатын топоним өте көп кездеседі. Соның ішінде Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы маңындағы Әулиебастау қалашығы мен бұлағы екі жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының өңірлік балама нұсқасына енгізілген. Нысан тарихы ерте ислам дәуірінен басталады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Біз сөз етіп отырған Әулиебастау қалашығы мен бұлағы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылынан 13 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалашық тарихы шамамен VІ-ХІІІ ғасырларға жатады. Бұл деректі қалашықта ХІХ ғасырдан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдарда нақтылайды. Ескерткішті алғаш болып зерттеушілердің бірі Орта Азияға іс-сапармен келген В.В. Бартольд. Әулиебастау қалашығының географиялық жағынан өте ыңғайлы жерде орналасуы оның Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды қалаларының бірі болғандығын байқатады. Бұл қалашықта алғашында Батыс Түрік қағанатының саяси-экономикалық маңызы бар қалалардың бірі ретінде негізі қаланды. Саяси талас-тартыстар нәтижесінде Әулиебастау қалашығы өз тарихында талай оқиғаларды өткізіп, бірде құлдырап, енді бірде дамудың даңғылына түскен. Негізінен Әулиебастау қалашығы тарихқа Түркі тайпалары құрған мемлекеттердің шаһары ретінде енді.

Қаланың қазіргі орны қирандылардың батыс және шығыс бөліктерінен тұрады. Батыс бөлігі 85х87 м, шығысы 100х130 м биіктігі 9 м болатын үйінді алаң түрінде сақталған. Әулебастау қалашығының оңтүстік-батыс жағындағыжартастың астынан бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суынан қалашықтың іргесінде көлшік те пайда болған көрінеді. Оның суындағы бір ерекшелі жыл он екі ай тұрақты температурада ғана ағып тұруында. Сондай-ақ бұлақ суының химиялық құрамы минералдар мен микроэлементтерге бай. Әрі көптеген ауруларға шипа. Бір қызығы бұл әулиенің суына күміс бұйымдарымен шомылса біраз уақыттан кейін сол күміс бұйымдар жалтырап тазарып шығады екен. Сондықтан бұлақ жергілікті халық арасында «Әулие бастау» деп аталып кеткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір