• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:32:31
Алматы
+35°

Жамбылдық қолөнерші Рахат Сапаралиева киізден кәдесый жасайды. Қолөнерші өзі қолданатын шикізаттың тазалығы өнімнің сапасына тікелей әсер ететіндігін алға тартады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Рахат Сапаралиева – Қазақстан Суретшілер Одағымен, театр қайраткерлері Одағының мүшесі. Ол қолөнерге дейін живописьпен декоративті өнермен және графикамен айналысқан. Өз туындыларына портреттер, натюморт, пейжаз жанрында орындап шығатын суретшінің қолөнерге қадам жасағанына көп бола қойған жоқ.

–Мен қазір киіз басумен айналысамын. Өнердің бұл ескі түрін бізге әжелеріміз үйреткен. Біз көнерген осынау технологияны жаңғыртып қолданысқа енгізіп жатырмыз. Бұған дейін мен өз шығармаларымда бояуды қолданып келсем мұнда кәдесыйдың көлемін, анық түсін қамтамасыз ете алатын киізді қолданамын. Сондай-ақ мен кәдесыйларды әзірлегенде қатардағы кәдесый етіп жасай бергім келмейді. Мүмкіндігінше әр нәрсені өз табиғатына жақын етіп, мінезімен үйлестіріп жасағанды жөн көремін,–дейді қолөнер шебері.

Ұмыт қалған дәстүрді жалғастырып киізден кәдесый жасауды қолға алған шебер бұл кәсіптен пайда табуды мақсат етпейтінін айтады. Тек өзінің жан рақаты үшін жасайды. Бұған дейін көркем-қолөнер туындыларын Алматы қаласында өтетін көрмеге қойып жүрген қолөнерші Тараздағы Төркүл кешенінде шеберлерге арналған «Көне Тараз қаласының шеберлері» атты этножобаның өзіне мол мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.

–Талайғы тарихы бар Төрткүл кешенінде ежелгі өнер түрлерінен шеберлік сыныптар өткізуге арналған алаң ашылғаны қуантады. Осы алаң арқылы біз киіз басуға қызығатындарға шеберлік сыныптарын өткізіп тұрамыз. Әсіресе балалар өенрдің бұл түріне қызығына қарайды. Уақыт өте алаңшада өз туындыларын көпшілік назарына ұсынушылар саны артып келеді. Осы бір игі дәстүр арқылы «Төрткөлді» туристер арасында танымал болатындығына сенемін, –дейді Р.Сапаралиева.

Суретшінің ойын құптаған Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова да «Төрткөл» керуен-сарайын Тараздың туристік бойтұмарына айналдырудағы Көне Тараз қаласының шеберлері» этножобасының берері мол екендігіне назар аударды. Қазірдің өзінде бұл нысан Жібек жолы бойында жатқан Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мемлекеттерінен өтетін туристіктурдың тізіміне енген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір