• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:12:23
Алматы
+35°

Қазақстанда аумағында «Қыз әулие» аталатын жерлер өте көп. Олардың бәрі де ел басына күн туғанда етігімен су кешкен ерлермен тізе біріктіре атқа қонып, қолына қару алған жаужүрек аруларға арналған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халық жадында қайта жаңғырған сондай орынның бірі Жуалы өлкесіндегі Құлан тауының «Қыз әулие» шатқалы саналады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Қыз әулие» шатқалы маңынан басталған бұлақ таудың етегіндегі егінді алқаптарды суаруға кәдеге жарайды. Бұлақ бастауында флораның мол түрін кезіктіруге болады. «Қыз әулиеге» шатқалы зиярат ете барғандар оның басындағы талға ақ мата байлап, бұлақ суын емге пайдаланады. Ел арасында «Қыз әулиеге шын ниетімен барғандардың бойындағы, өміріндегі түйіндер тарқатылады екен», деген аңғызға бергісіз әңгімелер де жиі айтылады.

Ал «Қыз әулиеге» қатысты айтылатын аңыздардың бір нұсқасында қырық қыз көмекшілерін ерткен бір ханның қызы шатыр тігіп отырғаны сөз болады. Осы маңдағы ауылда тұратын көнекөз қария Дербіш есімді қарияның аузынан жазып алынған естелікте «Қыз әулие» туралы аңызды былай баяндалады: «Ілгеріде осы мекенде бір қыз өмір сүрген деседі. Ол жастайынан келешекті болжайтын көріпкелдік қасиетке ие болыпты. Қызға келіп бал аштырып, оның айтқанының дәл келетіне осы маңның тұрғындары тәнті болған екен. Күндердің күнінде осы өңірді жайлап отырған бір байдың табын жылқысы жоғалып кетеді. Айналаны түгел шолып, ақыры амалы таусылғасын бай жылқылардың қолды болғандығын сезіп, әлгі қызға келіп бал аштырады. Сонда көріпкел қыз ұзақ ойланбастан: «Сіздің тілегіңізді орындайын, алайда қоятын бір шартым бар. Мен жылқыларды тауып бергеніммен өміріме сол қарақшылардан үлкен қауіп төнгелі тұр. Сондықтан да сіз менің өмірім мен қауіпсіздігімді қорғауыңыз керек» – деген шарт қояды. Тек баюды ғана ойлаған бай ойланбастан қызға келісімін береді. Жылқылары табылып, қарақшылардың қылмысы әшкере болады. Алғашында қызға берген уәдесін берік орындаған бай уақыт өте өзінің күйкі тірлігінің қамымен кетіп қыздың шарты ұмытылып кетеді. Ел – жұрттың алдында ұрлықтары әшкере болып, масқара болған қарақшылар бір ұрымтал қараңғы түнді пайдаланып, қызды буындырып өлтіріп кетеді. Сол уақыттан бастап жердің атауы «Қыз әулие» шатқалы деп аталып кеткен», дейді қария.

Қалай десекте жергілікті тұрғындар осы шатқалын киелі санайды. Ауырғандары дертіне дауа сұрайды. Тіпті «Қыз әулие» шатқалының маңында өскен ағаштың бір шыбығына да қол сұқпайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облсы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір