• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 11:28:01
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

02 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Қытайдан шыққан глобуста Қазақстан неге жоқ?

Бұған салғырт қарауға болмайды

Расында да қытай елінен шыққан глобуста Қазақстан жоқ болып шықты. Мұндай заттар еліміздің шекара кеден бекетінен қалай өткен? Бұл жаңалықты өзінің фейсбук парақшасында  Назерке Серікқызы жариялады.

–Биыл бауырым (інім) 6 сыныпқа қадам басты. Біраз бұрын алған оқу құралдарын түгелдеп ертеңгі сабағына дайындалып жатқанбыз. Пеналын, әп-әдемі қарындаштарын, сызғыштарын көрсетіп мәз болып жатты. Бірақ менің көзім пеналдың ішіндегі глобусқа түсті. Сөйтсем, ол глобустың бейнесіндегі #ұштағыш (точилка) екен. Шіркін-ай, біздің кезде, біздің ата-анамыздың кезінде бұндай керемет дүниелер болмады ғой. Сүп-сүйкімді жаратылыс екен деп қолыма ұстап тұрып ішінен Қазақстан деген жазуды іздей бастадым. Сенесіз бе? Әлем картасының ішінде #Қазақстан ЖОҚ?‍♀️? Ал енді жының келе ме, келмей ме? Қазағым еркіндік, тәуелсіздік жайлы айтып, шарқ ұрып, азаттық пен әділдік іздеп жүргенде әлем картасынан жоғалып бара жатқанымызды сезбей де жатырмыз?. Егер сіз шынымен ұрпақ үшін алаңдайтын болсаңыз ұл-қызыңыз бен іні-қарындасыңызға туған елі туралы жиі айтыңыз☝️. Бұл ұсақ дүние дүние емес. Салғырт та қарауға болмайды. Өтірік қазақпын деп кеудені ұра бермей, іспен дәлелдеңдер?. Ал мен бауырыма «мына ұштағышының орнына басқасын алып беремін» деп шештім!»,– дейді өзінің жазбасында Назерке Серікқызы.

Автордың пікірінің астына жазба қалдырғандар "Мұндай дүние кеден бекетінен қалай өтіп кеткен?", "Тиісті орындар бұған салғырт қарамауы тиіс", "Мұны бұлай қалдыруға болмайды" деп өз пікірлерін білдірген..

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір