• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Қыркүйек, 05:44:38
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

01 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Көне Тараз мешіті қала тарихынан сыр шертеді  

 

Көне Тараз қаласындағы ерте ислам дәуірінде ғибдатханалар мешітке айналған болуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

VIII-IX ғасырларда қайта жабдықталған бұл кешендер Тараз қаласындағы бұрынғы көк базардың орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде аршылып алынды. Археологтар қазба жұмыстары кезінде кешен орнынан тиын, қыш-құмыра, тұрмыстық бұйымдар  сынды тарихи жәдігерлерді тапты. Ал 2016 жылы нысанды аспан асты музейіне айналдыру жұмыстары қолға алынған. Қазір бұл орын жергілікті тұрғындар мен туристердің жиі бас сұғатын орны саналады.

Қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде, Төле би көшесінің бойында Қарахан кесенесіне жақын жерде орналасқан кешен 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне алынған. Ескерткіш тарихы сонау түркі қағандары мен ерте ислам дәуірінен тамыр тартады. Түркі қағандары билік құрған тұста Тараз қаласында әртүрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүрген. Тарихи деректерде аталған діни ағымдардың құлшылық орны болған ғибадатханалар кейіннен мешітке айналғаны жайындағы мәліметтер кезігеді. Мұндай мешіттер ортағасырлық Дихнуджикес, Хамукет, Атлах, Жікіл, Бехлу қалаларында да болғанға ұқсайды. Сол дәуірде яғни ІХ ғасырдың аяғында Таразды саманидтердің жаулап алған еді. 893 жылы араб қолбасшысы Исмаил ибн Ахмад Таразға шабуылдар жасап, қаланы қоршауға алады. Сол тұста Тараз әмірі елінің амандығын ойлап араб қолбасшының уәжіне құлақ асып, 10 мың қала жұртымен бірге ислам дінін қабылдауға мәжбүр болады. Іле-шала қала аумағындағы барлық басқа діндегі ғибадатханалар мен христиандық шіркеулер толығымен исламдық мешіттер ретінде қайта жасақталады. Сол секілді Тараз қаласының орталық бөлігіндегі мешіт пен оған қарама-қарсы орналасқан керуен-сарай да исламдық мәдениеттік үстемдік құруымен қайта құрылған ескерткіштер болуы әбден мүмкін. Тараз шаһарындағы бұл діни орын жайындағы деректі Х ғасырдағы араб географы әл-Мағдисидің қолжазбаларынан кезіктіруге болады. Онда араб ғалымы қалаға : «Тараз – бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Ал базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады» – деген сипаттама береді.

Дәл осы мешіт жанындағы керуен-сарай ғимаратына жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында 8 бөлмеден тұратын ғимараттың үш рет қайта қалпына келтірілгендігі анықталды.

 

Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір