• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:50:13
Алматы
+35°

Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» жобалық офисі қызметкерлеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Екі күнге созылған сминар жұмысына облыстың шалғай аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жергілікті тұрғындар насихаттау, дәріптеу жұмыстарымен айналысып жүрген мамандар арнайы шақырылды. Шараның алғашқы күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Баласағұн» музейінде өтті. Бұл музей былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында атымтай жомарт азаматтардың қаржыландыру есебінен бой көтерген болатын. Семинардың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов сөз сөйлеп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттерді ел арасында жүріп іске асыратын жобалық офис мамандарының біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Басқарма басшысынан кейін сөз алған Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа оқыту семинарына қатысушыларға бағдарламаның басым бағыттары және арнайы жобалармен тиімді жұмыс жасау жолдарын түбегейлі түсіндіріп, алдағы атқаратын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Екі секциялық жұмыстармен жалғасқа семинар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен жұмыс жасау және атқарылған жұмыстарды ақпараттандыру жолдары түсіндірілді. Бұл орайда БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау бағытындағы ашық әріптестікке баса мән берілді.

Семинардың екінші күнінде қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасына өңірден енген киелі жерлерге экскурсия жасады. Экскурцияда соң семинар қатысушылары "Төрткүл" керуен сарайында жиналып, «SANA» оқыту орталығының коучері Данияр Өмірбеков,  «Айналайын» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Разақова жүргізген тренингтерге белсене ат салысты. Сондай-ақ шара барысында қатысушылар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыстар да өткізілді.

Екі күндік семинарды қорытындылаған облыстық жобалық офис басшысы Серікбол Қайратұлы қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір