• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 14:21:54
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

02 Қыркүйек, 2019 NEWS

Тоқаев: Елбасының  басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты  мемлекетке айналды

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан елдің бұрынғы президенті Назарбаевтың басшылығымен "әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке" айналған. 

Бүгін, 2 қыркүйекте парламенттің  бірлескен отырысын ашқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дамуы жолын бүкіл әлем мойындағанын айтты  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан елдің бұрынғы президенті Назарбаевтың басшылығымен "әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке" айналған. 

"Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. 30 жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы  уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты  мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында Тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев сайлауалды бағдарламасында халыққа берген уәделерінің бәрін орындайтын айтты.

"Біз бұған Елбасы  саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар  жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын", - деді президент.

Бүгін, 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда парламенттің бәрлескен отырысы өтіп жатыр. Аталған жиында ел президенті Тоқаев Қазақстан халықына жодау жолдап жатыр. 



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір