• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:05:30
Алматы
+35°

"Үкімет мәдениет саласы қызметкерлері мен азаматтық қорғаныс қызметшілерінің еңбекақысын ұлғайтуы тиіс. Сондай-ақ еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесі пысықталуы тиіс". бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанымен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып  отырғандықтан Үкімет бұл мәселеге қатысты табандылық танытуы керек. Үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін  пысықтауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір